Меню

Страницы

Статья

ШҚО бойынша ІМАД 2024 жылдың I тоқсаны бойынша камералдық бақылау нәтижесі

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2024 жылдың I-тоқсанында жалпы сомасы 58 млрд. теңгені құрайтын 7 468 мемлекеттік сатып алу рәсімін камералдық бақылаумен қамтып, нәтижесінде 7,7 млрд.теңге сомасына бұзушылықтарды жою туралы 841 хабарлама жіберілді.

Талдау көрсеткендей, бұзушылықтар бәсекелестікке жатпайтын тәсілмен сатып алу кезінде жиі жіберілген. Бұндай бұзушылықтар, тапсырыс берушілер тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін таңдау барысында, көбінесе тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді бәсекеге қабілетсіз тәсілмен сатып алу жағдайының ерекшелігін растайтын тиісті негізсіз жол береді.

Ағымдағы жылдың I-тоқсанында, Департаментпен 2,5 млрд. теңгеге бәсекелестік ортасынсыз мемлекеттік сатып алуларды заңсыз жүзеге асырудың 335 жағдайы тоқтатылды.

Сондай-ақ, әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және күрделендіретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген талаптарды қою бұзушылықтары орын алған.

Жіберілген хабарламалардың нәтижесінде, ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілерге анықталғын бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығы беріліп, бұл әкімшілік жүктемені болдырмауға мүмкіндік берді.

Жекелеген жағдайларда, хабарламаларды орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 13 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 июня 2024
Дата обновления
28 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы