Ағымдағы жылдың наурыз айында Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жолдарды күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу қорытындыларына түскен шағым қаралды.
Қатысушылардан жолдарды күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру үшін арнайы техниканың болуы талап етілді. Сатып алу шарттары бойынша қатысушылар меншігінде арнайы техниканың не жалға алынған жағдайда растайтын құжаттарды бар екендігін ұсынады. Жалдау жағдайында сатып алудың қатысушы жалға алу шартын және жалға берушінің меншік құқығын растайтын құжатты ұсынуға міндетті.
Өтінімде жалдау шарты ұсынылған, онда жалға алушы жауапкершілігі шектеулі серіктестік ал жалға беруші болып шаруа қожалығы табылады, көлік құралына меншік құқығын белгілейтін құжатта үшінші заңды тұлға (акционерлік қоғам) көрсетілген. Қолда бар құжаттарға сүйене отырып, жалға беруші арнайы техниканың иесі болып табылмайды, техникаға билік етуге құқығы жоқ . Көлік құралын жалдау шарты бойынша жалға берушінің меншік құқығы расталмаған. Осылайша, жалға берушінің жалдау шарты бойынша меншік құқығын растайтын құжат берілмеген.
Мемлекеттік сатып алуға қатысушының шағымы негізінде ұйымдастырушы жеңімпазды дұрыс анықтамағаны анықталды. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 61, 62-тармақтарын бұзу анықталды.
Қағидалар мен материалдық ресурстарды қосалқы жалдау шартымен растауға тыйым салынады. Дегенмен, сатып алуды ұйымдастырушы сатып алу талаптарына нақты сәйкес келмейтін жеңімпазды анықтады.
Шағымды қарау қорытындысы бойынша ұйымдастырушыға бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілді. Мемлекеттік сатып алуға қатысушымен хабарлама сот органдарына шағымданды. Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған әкімшілік соты хабарламаны заңды және негізді деп таныды. Сот шешімі заңды күшіне еңді жоқ.