«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі аудит қызметтерінің қызметін үйлестіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) ШҚО әкімі аппаратының және ШҚО полиция департаментінің ішкі аудит қызметтеріне тұрақты негізде консультациялар беру түрінде көмек көрсетеді. Сонымен қатар, Департамент ішкі мемлекеттік аудит қызметтерімен ішкі мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды өткізу ережелері мен стандарттарын сақтауын бақылайды.
Осылайша, 2023 жылы Департаментпен ішкі аудит қызметтерінің 39 материалы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігіне бақылау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 39 материал ескертулермен сәйкес деп танылды.
2023 жылы ШҚО әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі қызметкерлерімен 66, ал ШҚО полиция департаментінің ішкі аудит қызметімен 2 аудиторлық іс-шара жүргізілді.
2024 жылға ішкі аудит қызметтері 27 аудиторлық іс-шараны өткізуді жоспарлаған. Бүгінгі таңда 2024 жылдың 1 тоқсанында ішкі аудит қызметтерімен өткізілген материалдардың сапасын бақылау жүргізілуде.
Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің негізгі қиындықтары аудит материалдарын ТБЖ/ҚБ ақпараттық жүйесіне енгізу кезінде туындайды, онымен жұмыс істеу кезінде Департамент сүйемелдеу көрсетеді.