Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2024 жылдың 1 тоқсанында 17 аудиторлық іс-шара, оның ішінде 2023 жылға арналған Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес қаржылық есептілік бойынша 4 аудиторлық іс-шара, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштері бойынша 10 сәйкестік аудиті, 2 бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесін, қаржылық-экономикалық негіздемесін және сметалық құнын түзетуге байланысты мәселелер бойынша сәйкестік аудиті және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану арқылы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректерін пайдалану мониторингі нәтижелері бойынша 1 сәйкестік аудиті іс-шаралары өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 2614,0 мың.теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 78,3мың.теңге бюджетке өтелуге және қалпына келтіруге жатады.
Қабылданған шаралар бойынша 78,3 мың.теңге қалпына келтірілді және бюджетке өтелді, оның ішінде: есепке алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу арқылы 46,3 мың.теңге қалпына келтіріліп, 32,0 мың.теңге бюджетке өтелді.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 2 лауазымды тұлға 184,6мың.теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бюджетке 184,6мың. теңге түсті немесе салынған айыппұлдың жалпы сомасының 100%-ы.
Бұзушылықтардың негізгі үлесі орындалған жұмыс көлемін асыра көрсетуге, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзуға, жалақы мен іссапар шығындарын, бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу қағидаларын бұзуға тиесілі.
Бұзушылықтар лауазымды тұлғалар тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығынан, кейбір жағдайларда бухгалтерлердің біліктілігінің төмендігінен, қызметкерлердің лауазымдық жалақысын есептеу үшін дұрыс коэффициенті қолданбауынан, мердігерлердің құрылыс нормаларын сақтамауынан, тапсырыс берушiнiң мердiгердiң жұмысына тиiсiнше мониторинг жасамауынан және бақыламағандығынан, шарттық мiндеттемелердiң тиiсiнше орындалмағандықтары себепкер болып табылады.
Мысалға, «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде мал шаруашылығын асылдандыруды дамыту, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес сүт өндіру құнын төмендетуге субсидия төлеудің негізділігі мәселесі бойынша сәйкестік аудитінің нәтижесінде сүтті өңдеуге нақты жеткізбей, жалпы сомасы 339 101,4 мың. теңгеге негізсіз субсидия бөлу фактілері анықталды.
«Қарағанды облысы Осакаров ауданы Молодежный кенті әкімінің аппараты» ММ-нде жалақыны есептеу мен төлеудің негізділігі мәселесі бойынша сәйкестік аудиті жүргізіліп, лауазымды тұлғалармен жалпы сомасы 5081,7 мың теңге ақша қаражаты жалақыдан артық есептеліп, негізсіз аударылған. Аудит материалдары Облыс прокуратурасына процессуалдық шешім қабылдауға жолданды.
Департаментпен тұрақты түрде заң бұзушылықтар сомасын толық өтеу және қалпына келтіру және кінәлілерді жазалау бойынша заңнамада көзделген барлық шараларды қабылдайды.