Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылы өтініш аясында "Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-де мемлекеттік сатып алу шарты бойынша Екібастұз қаласының аулаларының аумағын абаттандыруға бөлінген қаражатты пайдалану кезінде заңнамаға сәйкестік мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара өткізді.
Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 58 074,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 799,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 57 275 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.
Қабылданған ден қою шараларымен қаржылық бұзушылықтардың белгіленген сомасы бюджет кірісіне толық көлемде өтелді.
Шартты орындау кезеңінде тапсырыс беруші авторлық/техникалық қадағалаулармен келісу хатының негізінде отандық тауар өндірушіден шағын сәулет нысандарын ауыстыруға тиіс болды.
Аудит көрсеткендей, іс жүзінде балалардың шағын архитектуралық формалары отандық тауар өндірушіден сатып алынбаған (балалар ойын кешені "Спорт" сериясы Н 900 (артикул – ДИК 1.06.01-01) 9 дана Ресей Федерациясының "СКИФ ПРО" ЖШҚ-дан сатып алынған).
Өткізілген бақылау өлшемімен 189,683 мың теңге сомаға жұмыс көлемінің орындалмағаны анықталды, өйткені жоба бойынша Беркімбаевтың сыртқы жарықтандыру бөлігінде қосылу нүктесі Беркімбаев көшесі 99 мекенжайындағы тұрғын үйдің үшінші кіреберісінде көзделген, алайда көзбен шолып тексеру барысында қосылу нүктесі балалар алаңы орналасқан Беркімбаев көшесі 95 мекенжайындағы үйден жүргізілгені анықталды.
Сондай-ақ, жүргізілген бақылау өлшемімен 610,12 мың теңге сомасына 11 дана меркурий есептегіші жоқ екені анықталды.
Орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес жұмыстар 22.12.2022 жылы аяқталды. Алайда, шарттың талаптарына сәйкес мердігер жұмыстарды орындау мерзімдерін бұзды, ал шарттың 1 - қосымшасына сәйкес уәкілетті органнан құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама алған сәттен бастап үш ай шарт бойынша жеткізу мерзімі көрсетілген (құрылыстың басталуы 11.05.2022 ж., пайдалануға беру мерзімі 11.08.2022 ж.).
Осылайша,шартты үакқтылы орындамағаны үшін мердігерге 35 055,36 мың теңгені сомасына өсімпұл салынды.
Енгізілген нұсқаманың қорытындысы бойынша қаржылық бұзушылықтардың белгіленген сомасы бюджет кірісіне толық көлемде өтелді, анықталған бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.