Меню

Страницы

Статья

2023 жылгы шоғырландырылған қаржылых есептілік аудитінің нәтижелері туралы

Қазакстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Батыс Казакстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі- Департамент) мемлекеттік аудит саласындағы заннамамен бекітілген кұзыретіне сәйкес жыл сайын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоғырландырылган қаржылық есептілігінің/қаржылық есептілігінің аудитін жузеге асырады.

Мәселен, Департамент 2023 жылы шоғырландырылған қаржылық есептілікті/қаржылық еселтілікті қалыптастыру кезінде Қазакстан. Республикасының заңнамасының нормаларын сақтау  мәселесі бойынша аудитті аяқтады.

 Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептіліктік/қаржылық есептіліктіктің дұрыстық аудиті бюджеттік бағдарламалардың 3 әкімшілігінде өткізілді, соның Ішінде:

- ММ "Батыс Қазакстан облысы әкімінің аппараты", аудиторлық іс - шаралар барысында ведомстволық бағынысты мекемелер үстеме тексерулермен қамтылды;

- ММ "Батыс Қазакстан облысының білім басқармасы", аудиторлық іс - шаралар барысында ведомстволық бағынысты мекемелер үстеме тексерулермен қамтылды;

 -"Батыс Қазакстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту жане архив  ісі басқармасы, аудиторлық іс-шаралар барысында ведомстволық бағынысты мекемелер устеме тексерулермен қамтылды.

Жалпы мемлекеттік мекемелерде өткізілген аудиторлық Іс-шаралар активтер мен қорларды дұрыс көрсету, ақша қаражаттардың қозғалысын есепке алу, есеп айырысулар, дебиторлық және кредиторлық берешек, кірістер мен шығыстарды жабу, міндеттемелер мен таза активтерді/капиталды және есепті кезеңде жасалган баска да қаржы-шаруашылық операцияларды толық көрсету мәселелері қамтылды.

Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 5 659 593.6 мын тенгеге бұзушлықтар анықталды, оным Ішінде қаржылык есептіліктің бұрмалауына  әкеліп соққан сома 5 636 416,1 мын тенге шоғырландырылған  қаржық есептіліктен.

Мәселен, 2023 жылга шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау барысында №640 Қағиданың 3 тарауының 17-тармағының талаптары сақталмаган жеке операциялардың  толықтығы мен дұрыстығы, кірістер мен шығыстарды есепті кезеңдерге жатқызу дұрыстығы, сондай ақ ведомстволық бағыныстағы мекемелер №468 Қағиданың 1-тараудың 3-тармағында регламенттелген. Жалпы ережелердің талаптары, операциялардың толықтығы, кірістер мен шыгыстарды есептік кезеңдерге жатқызудын дұрыстығы сақталмаған.

Бұзушылықтарды талдау барысында Мемлекеттік мекемелердің мемлекет активтерін тисті есепке алуды қамтамасыз етпеу, дебиторлық және кредиторлық берешекті жасыру, бухгалтерлік тәртіпті бұзу, сондай-ақ жүктелген функционалдық міндеттерді орындамау сияқты бұзушылыктарға жол берілетіні көрсетті. Бұл жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептілікте бұрмаланған каржылык есептілікті усынудың айтарлықтай қаупі бар.

Белгіленген бузушылықтар бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шоғырландырылған қаржылық есептілік/ қаржылық есептік есептелігін тиісті денгейде жургізбеуін анықтайды, өйткені бухгалтерлік есел пен қаржылық есептілік деректерінің дұрыстыгы мен толықтыгы қажетті денгейде қамтамасыз етілмеген, сондай-ак шоғырландырылған қаржылых есептілікті  жасау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ведомстволық бағыныстағы мекемелердің бухгалтерлік есебінің деректерін қайта тексермейді.

Аудиторлык іс-шаралардың қорытындысы бойынша Қазакстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылык туралы" Кодексіне сәйкес бұрмаланган қаржылык есептілікті жасағаны үшін 18 жауапты (лауазымды) тұлғаға (бухталтерлерге) қатысты 238-бап бойынша әкімшілік айып пұл турінде әкімшілік шаралар қолданылды.

Дата публикации
18 июня 2024
Дата обновления
18 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы