Меню

Страницы

Статья

Артық аударлыған қаражат бюджетке қайтарылды

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ "Жайсан арнайы білім беру ұйымы" КММ қызметкерлерінің жалақысын есептеу мен аударудың негізділігі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне 01.01.2023 жылдан 31.03.2024 жылға дейін аудит жүргізілді.

Аудит  нәтижесінде 2023 жылғы қаңтардан бастап 2024 жылғы наурызға дейінгі кезең үшін жалақыны есептеудің, аударудың дұрыстығы тексеру кезіңде,  жалақы бойынша жалпы сомасы 17 768,3 мың теңгеге, оның ішінде 9 жағдайда 2023 жылы сомасы 13 523,5 мың теңгеге, 2024 жылы 26 жағдайда  сомасы 4 244,8 мың теңгеге, оның ішінде Мекеме басшысына 5947,8 мың теңге, бас есепшісіне 5515,5 мың теңге,директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына 2179,4мың теңге және мекеменің қызметкерлеріне 4125,6 мың теңге артық негізсіз төлемдер жүргізілгені анықталған.

 Сонымен қатар, педагогикалық шеберліктің біліктілігі үшін (педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор) педагогтердің жалақысына қосымша ақы есептеудің дұрыстығы аудитімен certificate.testcenter.kz сайт арқылы тексеру жүргізілді педагогтердің біліктілік санатын беруге және тестілеуден өтуге педагог тәрбиеші біліктілік тестін тапсырған жоқ. Нәтижесінде "педагог-сарапшы" біліктілік санатын беру туралы ұсынылған педагог куәлігі жарамсыз болып табылады. Алайда, тәрбиешіге "педагог-сарапшы" педагогикалық шеберлігінің біліктілігі үшін 2023 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың наурызына дейінгі кезеңде жалпы сомасы 1 220,5 мың теңгеге ақы төленгені анықталған.

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен "Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ "Жайсан арнайы білім беру ұйымы" КММ-не анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді.  

 "Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ "Жайсан арнайы білім беру ұйымы" КММ-ден жауап алынды, онда 18988,8 мың теңге сомасына артық төлем бюджет кірісіне толығымен өтелген. Жіберілген қателіктері үшін директордың оқу  жөніндегі орынбасарына "ескерту" және бас бухгалтерге "сөгіс" түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

 

 

Дата публикации
12 июня 2024
Дата обновления
12 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы