Меню

Страницы

Статья

Білім саласындағы аудит

Ағымдағы жылдың басында Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің қызметкерлері Железин ауданының білім бөлімінің «Балапан бөбекжайы» КМҚК-да аудиторлық іс-шара өткізді, оның барысында қаржылық бұзушылықтар анықталды.

2023 жылғы бухгалтерлік есеп және банк деректері бойынша бухгалтердің жеке картасының шотына іс жүзінде 7 850,9 мың теңге жалақы төлеу түріндегі ақша қаражаты аударылды.

Бұл ретте кәсіпорынның шоттары бойынша үзінді көшірмені аудитпен салыстыру арқылы жалақыны есептеу мен аударуды салыстыру барысында 2 814,0 мың теңге сомасында жалақы төлеу түрінде ақшалай қаражаттың негіссіз аударылуы анықталды.

Сондай-ақ, 2023 жылғы кезеңде кәсіпорын бухгалтердің жеке карт шотына 1 719,0 мың теңге сомасында басқа да өтеусіз ақша аударымдарын негіссіз жүргізді.

Мәселен, лауазымды тұлға бухгалтердің карточкалық шотына байланған ұялы аударым бойынша карт-шотқа аударуға арналған тізімді қалыптастырды.

Белгіленген қаржылық бұзышулықтардың жалпы сомасы 4 533,0 мың теңге ішінара жойылды.

Аудит материалдары шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілді.

Павлодар облысы Железин аудандық сотының шешіммен бас бухгалтер мемлекеттік қызметте, судьяда, жергілікті өзін-өзі  басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде және оның ведомстваларында, қаржы нарығын және қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау, мемлекеттік ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, уәкілетті органда лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге (3 жылға кейінге қалдырыла отырып) бас бостандығын айыру түрінде сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Дата публикации
12 июня 2024
Дата обновления
12 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы