Меню

Страницы

Статья

Дереу ден қою тәуекелдерінің бейіндері негізінде мемлекеттік аудит жүргізу туралы

Ішкі мемлекеттік аудит комитеті тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып және электрондық мемлекеттік аудитті жүргізе отырып, Министрліктің ақпараттық жүйелеріне мониторинг жүргізу арқылы бюджет шығыстарындағы бұзушылықтар мен кемшіліктердің алдын алуға ерекше назар аударады.

Мемлекеттік мекемелердің әзірленген тәуекелдік төлемдер бейіні шеңберінде электрондық мемлекеттік аудитпен өтелуге және қалпына келтіруге жататын 26 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар тіркелді.

Құрылыс саласында нақты орындалмаған жұмыс көлемі 11 млрд теңгеге қаржыландырылды.

Осылайша, құрылыс процесін және жұмыс кестесін бұза отырып, бюджет қаражатын тез игеру мақсатында құрылыс-монтаждау жұмыстарының орнына жабдықтар, кеңсе техникасы мен жиһаздарды сатып алуға жіберіледі, олар жауапты сақтау шарттарына сәйкес үшінші тұлғаларда (сатушы немесе дайындаушы зауыт) орналасады.

Ал нысанның өзі құрылыстың бастапқы кезеңінде. Бұл ретте, осы тауарларды таңбалаудың болмауына байланысты олардың бар екенін растау мүмкін болмады.

Жұмыстың кешіктірілуі жобалардың бюджетіне теріс әсер етеді және ұзақ мерзімді перспективада олардың қымбаттауына әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеке төлем фактілері бар.

Активтерді сатып алу бойынша олардың толық төленбеуі және шарт бойынша жалпы соманың 15 млрд теңгеге сәйкес келмеуі анықталды.

Қабылданған ден қою шараларымен 39 мемлекеттік мекемеге анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің тиімділігін арттыру және қызметін жетілдіру үшін 52 ұсыным енгізілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Дата публикации
29 мая 2024
Дата обновления
29 мая 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы