Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің 2023 жылғы қызметінің қорытындылары: талдау және сапаны бақылау нәтижелері

 

Алматы қаласы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің бақылау іс-шараларының тізбесіне сәйкес 2023 жылы 13 бақылау іс-шарасын өткізу көзделген.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығымен бекітілген "Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының" 91-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшелері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бағынысты аумақтық органдарының ішкі аудит қызметтерінің стандарттарды және Қағидаларды сақтауын бақылауды жүзеге асырады.

Сапа бақылауымен барлығы 9 материал немесе 2023 жылы ішкі аудит қызметінің өткізген барлық аудиторлық іс-шаралардың 69%-ы қамтылды.

Жүргізілген сапаны бақылау нәтижелері бойынша аудиттің 8 материалы ескертулерді ескере отырып, тиісті стандарттар мен ережелерге, ал 1 материал стандарттар мен ережелерге сәйкес емес деп танылды.

Мемлекеттік аудит объектілерінің бюджеттік бағдарламаларында көзделген нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге, қаражатты оңтайлы және тиімді пайдалануға, ең жақсы тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттілігі негізінде бюджетті әзірлеуге және атқаруға бағытталған, бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалану немесе бюджет қаражатының неғұрлым аз көлемін пайдалана отырып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу, сондай-ақ мемлекет активтері мен квазимемлекеттік сектордың активтерін пайдалануда Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамауы бюджетті әзірлеу мен атқару кезінде аудитпен белгіленген негізгі бұзушылықтар болып табылады.

Аудит объектілерінің тиімділігін арттыру және қызметін жетілдіру мақсатында Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысына бұзушылықтарды болдырмау үшін алдын алу шараларын қабылдау, мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдаланудың ашықтығын, тиімділігін, жауапкершілігін арттыру үшін ішкі бақылау жүйесін ұйымдастырудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар жіберілді.

Алматы қаласы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 10) тармақшасына сәйкес Комитетке 2023 жылғы ішкі аудит қызметі туралы жыл сайынғы есепті, сондай-ақ жүргізілген мемлекеттік аудит және қабылданған шаралар бойынша ақпаратты жіберді.

Дата публикации
24 мая 2024
Дата обновления
24 мая 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы