Меню

Страницы

Статья

Сәйкестік аудитінің 2023 жылғы нәтижелері

2023 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік аудит объектілерімен жіберілген бұзушылықтар мен кемшіліктерге қарсы белсенді күрес жүргізілді. 2023 жылы аудиттің жалпы қамтылуы 5,1 трлн.теңгені құрады.

Комитеттің жұмысы 2254 аудит жүргізу барысында көрсетіле отырып, қаржыны басқарудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге байыпты көзқарасты көрсетті. Аудит жүргізу аясында 254 млрд.теңге қаржылық бұзушылықтар, сондай-ақ назар аударуды және ден қоюды талап ететін 5102 рәсімдік сипаттағы фактілер анықталды.

Жұмсалған қаражатты өтеуге және қалпына келтіруге ерекше назар аударылды. Қалпына келтіруге жататын бұзушылықтардың жалпы сомасы 144 млрд. теңге көлемін құрап, оның бюджетке өтелген қомақты сомасы – 98 млрд теңге. Бұл жұмыс тиімділігінің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіруге деген ұмтылыстың көрсеткіші.

Құқық бұзушылықтармен күрес жауапты тұлғаларды жазалаусыз қалдырмады. Өткен жылы 1895 лауазымды тұлғалар жазаланып, 38 тұлға қызметінен босатылды. Бұл құқық бұзушылықтар назардан тыс қалмайтындығының маңызды белгісі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және аумақтық бөлімшелерінің аудит нәтижелері қаржы тәртібін жақсартуға және мемлекеттік басқарудағы ашықтыққа тұрақты ұмтылысты айғақтайды. Жүйелі жұмыстың арқасында қаржылық бұзушылықтарға қарсы күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді, бұл елдің тұрақты экономикалық дамуына маңызды қадам болып табылады.

Дата публикации
30 апреля 2024
Дата обновления
30 апреля 2024
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы