Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылдың 1 тоқсанындағы аудиторлық қызметінің қорытындысы

Аудиторлық қызметтің негізгі көрсеткіштері

Департамент тарапынан 2024 жылдың 3 айында барлығы 42 аудиторлық іс-шарамен 13 млрд. 332,2 млн. теңге қаражат қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы 6 млрд. 463,7 млн. теңгеден астам бұзушылықтар анықталған, оның ішінде бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 5 млрд. 984,8 млн. теңге немесе 92,6% (қаржылық+рәсімдік сипатағы бұзушылықтар) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 478,9 млн. теңге немесе 7,4% құрайды.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге, қалпына келтіруге және есептілікте көрсетуге жататыны 4 млрд. 339,9 млн. теңге (өтеуге жататыны – 184,1 млн. теңге, қалпына келтіруге – 4 млрд. 155,8 млн. теңге).

Департаменттің ден қою шараларымен бюджетке өтелгені, қалпына келтірілгені 247,3 млн. теңге немесе 5,7 % (бюджетке өтелгені 26,6 млн.тг., қалпына келтірілгені 220,7 млн.тг).

Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларына қатысты 171 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, 15,4 млн. теңге айыппұл салынып, бюджетке толығымен өтелді.

Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы 42 нұсқама жолданып, 22 нұсқама толығымен орындалды. Қалған 20 нұсқаманың орындалу мерзімі келмеген (мерзімі ұзартылған).

Аталған нұсқамалар бойынша объектісінің 37 жауапты тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2024 жылдың өткен кезеңінде анықталған заңнама бұзушылықтардың 10,4 млн. теңге сомасында 1 мемлекеттік аудит материалдары жолданған.

Қолданылған шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдарымен 1 аудит материалы бойынша ҚР ҚК-нің 189 бабы бойынша сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Дата публикации
30 апреля 2024
Дата обновления
30 апреля 2024
Тип
Инфографика

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы