Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы ҚЕАБ орталық мемлекеттік органдарының 19 шоғырландырылған қаржылық есептілігі аудитінің қорытындылары

 

Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті жыл сайын қаржылық есептілікке аудит жүргізеді. Аудиторлар ағымдағы режимде шоғырландырылған қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есептің дұрыстығын және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық жағдайын бағалайды. Бүгінде мұндай аудит түрі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық жағдайы туралы шынайы ақпарат қалыптастыру және тиімділікті арттыру үшін алғышарттар жасайтын құралдардың бірі болып табылады. Осылайша, 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілікке аудит 19 орталық мемлекеттік органда жүргізілді. Ағымдағы режимде 10,5 трлн теңге аудитпен қамтылды, бұл республикалық бюджет балансының валютасының 41,3% құрайды. Нәтижесінде 792,6 млрд теңге сомасына бұзушылықтардың алдын алынды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 16,3 млрд теңге құрайды (бухгалтерлік есепке қалпына келтірілуге жататын 16,0 млрд теңге және бюджетке өтелуге жататын 379,6 млн теңге) және рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 245 факт бойынша 776,3 млрд теңге сомасына. Анықталған бұзушылықтарды талдау көрсеткендей, кейбір бұзушылықтар жиі жіберіліп, жүйелі сипатқа ие болуда, атап айтқанда:

  • Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жеткізушілердің шарттарды орындауын қамтамасыз ету үшін енгізілген кепілдіктерді уақытылы қайтармайды немесе міндеттемелердің тиісінше орындалмауына байланысты бюджетке есептелмейді, яғни аудит объектісінің шоттарында қалады.
  • Заңды тұлғалардың акциялар пакетін иелену және пайдалану құқықтарын беру және басқа да операциялар кезінде инвестицияларды есептен шығару немесе жарғылық капитал мөлшерінің өзгеруін дұрыс көрсету уақтылы жүргізілмейді, бұл есептіліктің бұрмалануына әкеледі.
  • Қаржылық инвестициялар ведомстволық бағынысты ұйымдармен және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен салыстыру және түгендеу жүргізілмейді, ал түгендеу актілерін жасағанда ресми толтыру фактілері бар, яғни есепке алуды толық және уақтылы жүргізу рәсімдері бұзылады.
  • Активтерді қызмет ету мерзімі бойынша дұрыс жіктемейді, бұл тану критерийлеріне сәйкес негізгі құралдар болып табылатын материалдық активтердің қорлар құрамында көрсетілуіне әкеледі.
  • Қорларды алғашқы құжаттарды рәсімдемей жылжыту және есептен шығару фактілері көптеп анықталды, сондай-ақ оларды есепте шоттарға дұрыс бөлмеу орын алды.
  • Ұзақ мерзімді активтердің тозуы мен амортизациясын есептеу кезінде белгіленген нормаларды дұрыс қолданбайды, сондай-ақ күрделі шығындар (модернизация және күрделі жөндеу) ағымдағы шығындар ретінде есептен шығарылады.
  • Дебиторлық берешек және оның өсуі қаржылық есептілік аудиті барысында жиі бұзушылық болып табылады, бұл мемлекеттік органдардың берешектерді қайтару және өндіріп алу бойынша уақтылы жұмыс істемейтінін көрсетеді.

Жалпы, олардың алдын алу бағытын ескере отырып, аудиттік іс-шаралар өз тиімділігін көрсетті. Активтердің едәуір үлесіне ие барлық мемлекеттік органдарды бір мезгілде қамту жүйелік кемшіліктер мен соңғы жылдары шешімін таппаған проблемалық мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді. Біздің басты нәтижеміз - аудит қорытындылары қаржылық есептілікті бекітуге дейін қаржылық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтап, жоюға мүмкіндік берді. Бұдан әрі қаржылық есептілік аудиті жөніндегі уәкілетті органның жұмысы мемлекеттік мекемелердегі қаржылық тәртіпті жақсартуға және жалған қаржылық есептілік ұсынумен байланысты тәуекелдердің алдын алуға бағытталатын болады.

Дата публикации
30 апреля 2024
Дата обновления
30 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы