Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласының білім беру бөлімі» мемлекетік мекемесінде заңды тұлғаның өтініші негізінде аудиторлық іс-шаралар өткізілді.
01.01.2022ж. бастап 31.12.202ж. қоса мерзімі аралығында нақты тәрбиеленуші Б. бойынша «Kundelik center» ЖШС-мен мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметінің шарттық міндеттемелерін тиісті орындауы бойынша аудитпен қамтылған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексының, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта білім беруді, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларының», «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының» нормаларының бұзылғаны анықталды.
Қызмет жеткізушісі – жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жасалған шарттардың міндеттемелері тиісті түрде орындалмаған. Серіктестікпен, іс жүзінде жоқ мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісі Б. бойынша электронды табельдері ұсынылған, сол кезде тәрбиеленуші орта мектепте оқығаны анықталды. Анықталған бұзушылық мемлекеттік мекеменің бюджет қаржысынан 333 500 тенге серіктестікке негізсіз төленуіне әкеліп соқты.
Казіргі таңда мемлекеттік мекемесі бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шараларды қабылдауда.