Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің негізгі қызметі бойынша 13 аудиторлық іс - шара, оның ішінде 13 жоспардан тыс іс-шаралар өткізілді, онда жоспардан тыс аудиторлық іс-шараларды өткізуге Комитеттің тапсырмалары, құқық қорғау органдарының қайта жіберілген шағымдары мен өтініштері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негіз болды, оның ішінде:
- 13 аудиторлық іс-шара немесе заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша 100% (оның ішінде ІМАД-нан және құқық қорғау органдарынан қайта жіберілгендер);
Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 1 243 322,4 мың теңгені құрады, оның ішінде бақылаумен қамтылған мемлекеттік сатып алу сомасы 564 283,9 мың теңгені құрады.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 044 115,8 мың теңгені немесе жалпы қамтудың 84,0% -, құрады, оның ішінде:
- 93 118,4 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар немесе жалпы қамтудың 7,5 % ;
- процедуралық сипаттағы бұзушылықтар 950 997,4 мың теңге немесе жалпы қамтудың 76,5 % ;
Қалпына келтіруге жататын қаржылық бұзушылықтардың белгіленген сомасынан жалпы сомасы 93 118,4 мың теңгеге бюджетке өтелуге тиіс.
- өтеуге-60 187,5 мың теңге, өтелген сома 57 114,7 мың теңге немесе 94,9 %.
- қалпына келтіруге-32 930,9 мың теңге, қалпына келтірілген - 0,0 мың теңге.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтаудың электрондық сәйкестік аудитінің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 564 283,9 мың теңгеге 5 Мемлекеттік сатып алу рәсімі (лот) қамтылды, онда жалпы сомасы 558 706,3 мың теңгеге 5 рәсім бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 558 706,3 мың теңге сомасына 4 рәсім бойынша қорытындыға әсер еткен (Қаржылық бақылаудың ден қою шаралары: талап арыз беру).
Есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген жауапты тұлғаларды қарау мақсатында аудит объектілеріне 12 ұйғарым жіберілді, есепті күнге 6 ұйғарым бойынша орындау мерзімі келді, оның ішінде 6 ұйғарым орындалды. 1 нұсқама бойынша орындау мерзімі сот шешіміне дейін ұзартылды, 5 нұсқама бойынша орындау мерзімі келген жоқ.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша аудит объектілерінің 6 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, Департамент қызметкерлерін прокуратура органдары мамандар ретінде тексеруге тартты, олар бойынша мамандардың 4 қорытындысы жасалды, онда жалпы сомасы 545 513,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Соттар мен әкімшілік айыппұлдар бойынша
01.01.2024 - 31.03.2024 ж. аралығында Жетісу облысы бойынша ІМАД:
әкімшілік айыппұлдар салынды-13 494,6 мың теңге
әкімшілік айыппұлдар өтелді-13 494,6 мың теңге
әкімшілік айыппұлдар саны-142
Олардың ішінде:
Аудиторлық іс-шаралар бойынша
әкімшілік айыппұлдар салынды-793,8 мың теңге
әкімшілік айыппұлдар өтелді-793,8 мың теңге
әкімшілік айыппұлдар саны-9
Соттың жеке ұйғарымы бойынша
әкімшілік айыппұлдар салынды - 276,9 мың теңге
әкімшілік айыппұлдар өтелді - 276,9 мың теңге
әкімшілік айыппұлдар саны-5
Тексеру комиссиясының аудиторлық есебі бойынша
әкімшілік айыппұлдар салынды-5 556,5 мың теңге
әкімшілік айыппұлдар өтелді-5 556,5 мың теңге
әкімшілік айыппұлдар саны-61
Прокуратураның ұсынысы бойынша
әкімшілік айыппұлдар салынды-6 682,8 мың теңге
әкімшілік айыппұлдар өтелді-6 682,8 мың теңге
әкімшілік айыппұлдар саны-66
Камералдық бақылау қорытындысы бойынша
әкімшілік айыппұлдар салынды-184,6 мың теңге
әкімшілік айыппұлдар өтелді-184,6 мың теңге
әкімшілік айыппұлдар саны-1
Камералдық бақылау жөніндегі қызметтің нәтижелері
2024 жылдың 1 тоқсанында жалпы сомасы 151 млрд. теңгеге 5 952 лот камералдық бақылаумен қамтылуға тиіс болды, оның ішінде жалпы сомасы 147,7 млрд.теңгеге 5 824 лот камералдық бақылаумен қамтылды, бұл (97,8%). Бақылау нәтижесінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 964 хабарлама жіберілді.
Бұл ретте уәкілетті орган лауазымды адамдардың бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігін қарады және Кодекстің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жалпы сомасы 1162,9 мың теңгеге 21 хаттама жасады.