Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылы мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі шеңберінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын 2 мемлекеттік аудит объектілерінде аудиторлық іс-шаралар өткізді, оның ішінде:
- "ҚазАгроҚаржы" АҚ Павлодар филиалы;
- Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы.
Аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 903369,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 206500,9 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 696868,6 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.
Қабылданған шаралармен бюджет кірісіне жалпы сомасы 43109,5 мың теңге өтелді.
"ҚазАгроҚаржы" АҚ Павлодар филиалының қызметінде қаржы лизингі қаражатын беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерін сақтау мәселесі бойынша жүргізілген аудитпен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге лизингке ауыл шаруашылығы техникасы берілгені анықталды (алайда, Павлодар облысы Мемлекеттік кірістер басқармасының ақпаратына сәйкес лизинг алушы қаржы лизингі шартының қолданылуы кезінде салық есебінен алынды), сол арқылы мүліктік тәуекелдерге жол берілді.
Бұдан басқа, филиал жылжымалы мүлікті бағалау туралы есептерді негізсіз қабылдағаны анықталды, мұнда Тапсырыс беруші ауыл шаруашылығы құрылымы болып табылады, бағалау туралы есептерді жасау кезінде бағалау объектісіне қандай да бір меншік құқығы немесе бағалау жүргізуге шарт жасасу құқығын беретін өзге де негіздер жоқ.
Аудитпен филиалдың 27 (жиырма жеті) қаржы лизингі шарттарын жасасқаны анықталды, онда лизинг алушының жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы қаржы лизингі шарттарына сәйкес қаржы лизингі мерзімінен бұрын аяқталады.
Аудит объектісіне бұзушылықты жою және кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді. Нәтижесінде 2 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялауға бағытталған бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша Павлодар облысының Ауыл шаруашылығы басқармасына жүргізілген аудит, оның нәтижелері бойынша 206500,95 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар және 690197,8 мың теңге сомасына рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Аудитпен агроөнеркәсіптік кешеннің 4 субъектісіне 206 500,95 мың теңге сомасына негізсіз бюджеттік субсидиялар төленгені анықталды.
Мәселен, суармалы учаскенің су құбыры желісін жүргізудің жобалық шаруашылықішілік ұзақтығы 25,9 км/құбырды құрайды, ал агроөнеркәсіптік кешен субъектісі 39,4 км субсидия алу үшін ұзындықты көрсетеді, бұл бекітілген жобалау-сметалық құжаттама бойынша жобалық шешімдерден 14,1 км/құбырға асып түседі.
Агроөнеркәсіптік кешеннің басқа субъектісі құжаттама құрамында мердігерлік ұйымның суару желілерін салу жөніндегі құжаттарын қоса берді, ол желілердің құрылысын жүзеге асыратын мердігерлік ұйым ретінде тізімделмейді және көрсетілмейді.
Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен субъектісі сүт-тауар фермасын салу кезінде құрылыс материалдарына құжаттар ұсынғаны анықталды, бірақ сметалық құжаттамада олардың құны монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде ескерілді.
Бұдан басқа, жобалау-сметалық құжаттама бойынша көрсеткіштердің сәйкессіздігі, мемлекеттік құрылыс нормативтеріне қайшы келетін шығыстардың көрсетілуі анықталды.
Аудит объектісіне бұзушылықты жою және кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді. Енгізілген нұсқаманың қорытындысы бойынша бюджет кірісіне 43109,5 мың теңге сомасында өтелді, қалған сома бойынша талап-арыз жұмысы жүргізілуде.