Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекетік аудит департаменті (әрі қарай - Департамент) 2024 жылдың I тоқсанында 15 аудиторлық іс-шара өткізді ( сәйкестік аудиті бойынша). Сәйкестік аудитімен қамтылған бюджет қаражатының көлімі 10 759,8 млн.теңгені құрады.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша жалпы сомасы 9 375,1 млн.теңгеге бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңнама бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 1 001,1 млн. теңге, рәсімдік бұзушылықтар – 8 374,1 млн.теңгені құрады.
Департаменттің қаржылық бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде 34,5 млн.теңге сомасында бюджет қаражаты есепке алынып, қалпына келтірілді және өтелді.
Есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру мақсатында Департаментпен мемлекеттік аудит объектілеріне 13 нұсқама жолданды.
Есепті күнге 9 нұсқама бойынша орындау мерзімі келген, оның ішінде толық мөлшерде 7-і орындалды. Орындалмаған нұсқамалар бойынша Департаментпен заңнамаларға сәйкес тиісті шаралар жүргізілуде.
2024 жылда өткізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 4 лауазымды тұлға өз қызметтерінен босатылды.
Бақылау қызметінің қорытындысы бойынша 31,4 млн. теңге сомасына бюджет қаражатын жымқырудың 1 факті анықталып, құқық қорғау органдарымен қарастырылуда.