Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментіөз кұзіреті шегінде Қазақстан Республикасы Кодексінің «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 722 бабына сәйкес аудит материалдары, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдардан материалдары бойынша әкімшілік істерді қарап хаттамалар толтырады.
Сонымен, 207-бап бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейін (айлық есептік көрсеткіш), қайталанған жағдайда 200 АЕК;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін 238, 239-баптар бойынша жеке тұлғалар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғаларға 50, 100 АЕК мөлшерінде, қайталанған жағдайда 200 АЕК және 1000 АЕК дейін.
-250-бап бойынша міндетті аудит жүргізуден жалтарғаны үшін шағын 15 АЕК, орта – 20 АЕК, ірі-200 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады;
Департаментпен Кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарау үшін әкімшілік істер сотқа жіберіледі, онда заңды талаптарды немесе нұсқамаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Айта кету керек, жоғарыда аталған құқық бұзушылықтар Кодекстің 810, 811 бабына сәйкес, қысқартылған тәртіпке қаралуы мүмкін, бұл норма 7 (жеті) тәулік ішінде айыппұл сомасын аталған санкциясының 50% (елу пайызы) мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын белгілейді. Мұндай құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады, яғни Департаментпен Кодексте көрсетілген айыппұлдың толық сомасына қаулы шығарылады.
2023 жылдың есептік кезеңінде Департаментте барлығы 905 әкімшілік хаттамалар тіркеліп, оның ішінде: 792 материал қаралып әкімшілік айыппұлдар салынған, 113 материал сотқа берілген.
Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 114,5 млн. теңгеге айыппұл салынып, 108,3 млн. теңгесі өндірілді, өндірілген пайызы 94,6 % пайызды құрайды, қалған- 6,2 млн теңге мәжбүрлеп төлету үшін Мемлекеттік сот орындаушыларына және жеке сот орындаушыларына жолданған болатын.
Департаментпен аудиторлық іс шаралар қорытындысымен 3 -талап арыз беріліп, ол қанағаттандырылған.
Департаментке берілген талап арыз – 16 құрады, оның 4 – ішінара қанағаттандырылды, 4- қаралуда, 8- қанағаттандырудан бас тартылды.