Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Айыртау ауданының білім бөлімі"КММ-де аудиторлық іс-шараны өткізу кезінде жалпы сомасы 29,8 млн.теңгеге жалақының негізсіз төленгенін анықтады.
Осылайша, аудит нәтижелері бойынша 2021 жылғы қаңтар мен 2023 жылғы желтоқсан аралығында бухгалтер мекеменің 20 қызметкеріне және мекеме штатында тұрмаған 3 жеке тұлғаға карточкалық шоттарға ақша қаражатын жүйелі түрде негізсіз аударғаны анықталды.
Аудит барысында бұл сома бюджет кірісіне толық көлемде өтелді, бухгалтердің жіберілген бұзушылықтары үшін қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аудит материалдары сұрау салу негізінде облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне берілді.