Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы бойынша профилақтикалық бақылау қорытындысы.

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті және аймақтық Департаменттерімен  профилактикалық бақылау тізіміне сәйкес 4-кәсіби аудиторлық ұйымдары, 32-аудиторлық ұйымдары және 52- жария мүдделі ұйымдарында  профилақтакалық бақылау жүргізілген.

Профилақтикалық  бақылау  қорытындысымен 32-аудиторлық ұйымдарында 13-тексеру  парақтары бойынша 118-бұзушылық анықталған (есептіліктін ұсынылмауы және уақытылы ұсынылмауы - 46 бұзушылық (39%); өз қызметі бейіні бойынша қызметтер көрсету  (ілеспе және басқа   қызметтер) – 29 бұзушылық (24,6%); аудиторлық ұйымдардың кәсіби аудиторлық ұйымдарына  уақытылы тіркелмеуі – 2 бұзушылық (1,7%), азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру келісім шарттарының жасалмауы - 1 бұзушылық (0,8%),  аудит жүргізу  туралы келісім шарттың  жасалмауы - 1 бұзушылық (0,8%), аудит жүргізу  туралы келісім шарттарының белгіленген тәртіпке сәйкес жасақталмауы - 16 бұзушылық (13,6%), аудиторлық ұйымдардың міндетті аудит жүргізу кезінде ең төмен талаптарға  сәйкес келмеуі - 14 бұзушылық (7,6%), аудит стандарттарына  сәйкес келмеуі - 7 бұзушылық (5,9%), тексерілетін субъектінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына  салықтар бойынша аудиторлық қорытындының ұсынылмауы - 1 бұзушылық (0,8%);  2 (екі) ай ішінде «4»-тен төмен баға алған жағдайда анықталған кемшіліктерді уақытында жоймауы- 1 бұзушылық (0,8%).

2023 жылы  жария мүдделі ұйымдары үшін  бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы  тексеру  парақтары бекітіліп күшіне енді.

 Осыған байланысты 2023 жылдың  екінші жартыжылдығына профилактикалық бақылау тізіміне жария мүдделі ұйымдары енгізілген.

Жария мүдделі ұйымдарына жүргізілген  профилактикалық бақылау қорытындысымен жалпы сомасы 20 088 913,1 мың теңгені құрайтын 258- бұзушылықтар анықталған, оның ішінде бюджетке  қайтарылуы тиіс 720 633,6 мың теңге, кәсіпорындар кірісіне  қайтарылуы тиіс 6 780 788,7 мың теңге, бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілуі тиіс 9 769 147,6 мың теңген.

Кәзіргі уақытта бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау аясында  698 466 мың теңге бюджетке қайтарылды.

Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары-Қаржы министріның 08.12.2023 жылғы №1127 бұйрығымен бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне  2024 жылы 11- аудиторлық ұйым мен 55- жария мүдделі ұйымдары енгізілген.                                    

                     

Дата публикации
20 марта 2024
Дата обновления
20 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы