Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың Қостанай облысы бойынша ІМАД камералдық бақылау қорытындылары

"Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" ҚР Заңында көзделген функцияларды орындау шеңберінде ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы алынған мәліметтерді салыстыру арқылы мемлекеттік аудит объектісіне бармай-ақ камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Мәселен, 2023 жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын камералдық бақылау нәтижелері бойынша Департаментпен 20 002 126,0 мың теңге сомасына 1556 хабарлама жіберілді, оның ішінде 18 002 966,4 мың теңге сомасына 1461 хабарлама орындалды.

Сондай-ақ, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың орындалмауына/уақтылы орындалмауына байланысты мемлекеттік сатып алудың екі ұйымдастырушысына ("Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі "ММ, " Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы " ЖШС) шығыс операциялары тоқтатылды.

2023 жылдың өткен кезеңінде азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасының деректері бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша 1420 өтініш түсті.

Құзыреті шегінде ҚР ӘҚБтК сәйкес 939 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, оның ішінде 912 мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін 44.8 млн теңге сомасына (ӘҚБтК 207-бабы), 27 нұсқамалар мен хабарламаларды орындамағаны үшін (ӘҚБтК 462-бабы).

 

Камералдық бақылау жүргізу кезінде жиі осындай бұзушылықтар белгіленеді:

- демпингті дұрыс қолданбау;

- лоттарға бөлмеу;

- әлеуетті жеткізушілерге шартты жеңілдікті дұрыс қолданбау;

- әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін негізсіз қабылдамау/жіберу;

- әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарына артық талабы.

Дата публикации
19 марта 2024
Дата обновления
19 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы