Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық мүдделі ұйымдардың қаржылық есебі

«Қоғамдық мүдделі ұйымдардың депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы №94 бұйрығына сәйкес қаржылық есептілікті ұсыну тәртібі депозитарийге қоғамдық мүдделi ұйымдардың депозитариийге қаржылық есептіліктің ұсыну  тәртібі айқындалған.

«Ақпараттық есеп орталығы» акционерлік қоғамының депозитариіне (бұдан әрі – Қоғам) қаржылық есептілікті уақтылы ұсынбағаны үшін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 239 және 250-баптарында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылады.            

2023 жылы Қоғаммен Алматы қаласы бойынша 250 қоғамдық мүдделі ұйымның ішінде: міндетті аудит жүргізбеген 63 қоғамдық мүдделі ұйым және тиісті депозитарийге қаржылық есептілікті ұсынбаған 187 қоғамдық мүдделі ұйым анықталды.           

2023 жылы Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 239-бабына сәйкес депозитарийге қаржылық есептілікті ұсынбағаны үшін 28 290,0 мың теңге сомаға айыппұл салынды және 250-бабы бойынша міндетті аудиттен жалтарған 1 173,0 мың теңге сомаға айыппұл салынып,әкімшілік жауапкершілікке тартылды.           

Сонымен қатар, 31 қоғамдық мүдделі ұйымға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, жергілікті бюджетке тіркелген жері бойынша ақшаны өтеуді одан әрі өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларына жіберілді.           

Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті процесс толық аяқталғанға дейін ай сайын қоғамдық мүдделі ұйымдар бойынша мәжбүрлеп әрекет ету немесе соттың жазалау шаралары бойынша ақпарат жіберіп отырады. Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Қаржылық есептілік аудиті бөліміжоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасының заңнамасындағыбұзушылықтардың алдын алу мақсатында қоғамдық мүдделі ұйымдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы  заңнамасын  тұрақты негізде зерделеуді ұсынады.Сондай-ақ,  әкімшілік іс қозғауды болдырмау мақсатында міндетті аудит жүргізу және қаржылық есептілікті ұсыну бойынша туындаған мәселелерін бақылауда ұстауды ұсынады.           

Қоғамдық мүдделi ұйымдары сұрақтар туындаған жағдайда Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 279-36-15 телефоны арқылы хабарласа алады.

Дата публикации
15 марта 2024
Дата обновления
15 марта 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы