Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Қазақстан Республикасының 12 орталық мемлекеттік органдарында және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2019 жыл үшін шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудитін жүргізді.
Тұтастай алғанда барлық аудиторлық іс-шаралар бойынша кезеңнің басында және аяғында есепте тұрған активтерді, міндеттемелерді және таза активтерді/капиталды толық көрсету, ақша қаражатының қозғалысын есепке алудың, дебиторлық және кредиторлық берешекті есептеудің, кірістер мен шығыстар шоттарын жабудың және есепті кезеңде жасалған басқа да қаржы-шаруашылық операциялардың дұрыстығы мәселелері қамтылған,
Аудитпен қамтылған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің теңгерім валютасының жалпы сомасы 9,6 трлн. теңге, бұл республикалық бюджеттің теңгерім валютасының 52,4% - ын құрайды.
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы 326 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жалпы сомасы 1,2 млрд.теңге қаржылық бұзушылықтар және 325 млрд. теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.
Анықталған бұзушылықтардың 491 млн.теңгесі өтелуге және 1,2 млрд. теңгесі қалпына келтірілуге жатады.
Аудит барысында елеулі бұрмалаушылықтары бар республикалық бюджеттің қаржылық есептілігін жасау тәуекелдерін барынша азайту мақсатында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданды, оның ішінде бюджет кірісіне 6 млн.теңге өтелді, 1,2 млрд. теңге бұзушылықтарды есепке алу бойынша қалпына келтірілді.
Министрліктерде және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінде анықталған бұзушылықтарды талдау дебиторлық және кредиторлық берешектерді жасырудың, бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану, бухгалтерлік тәртіпті бұзу, сондай-ақ жүктелген функционалдық міндеттерді толық орындамаудың көптеген фактілерін көрсетті.
Мысалы: Аудитпен қамтылған мемлекеттік органдардың бухгалтерлік есебі мемлекет активтерінің дұрыс есебін қамтамасыз етпейді. Осыған байланысты қаржылық есептіліктің бұрмаланған деректерін ұсынудың елеулі тәуекелдері туындайды.
Анықтама ретінде: (мемлекеттік активтердің құнын 13,3 млрд. теңгеге негізсіз көтеру, сондай-ақ оларды 129,4 млрд. теңгеге төмендету, 4,2 млрд. теңгеге қаржы активтерін қосарлы есепке алу, есепте 1,1 млрд. теңгеге қаржы инвестициялары сомаларының болмауы фактілері анықталды.)
Бұдан өзге, ББӘ есебінде жалпы құны 98,9 млн. теңгені құрайтын жылжымайтын мүліктің болмауы, 1,5 млрд. теңгеге бастапқы тану кезінде активтердің дұрыс жіктелмеуі салдарынан олардың құнын негізсіз төмендету және көтеру, 15,2 млрд. теңгеге растайтын құжаттар болмаған кезде активтерді есептен шығару фактілері бар.
Министрліктер дебиторлық және кредиторлық берешектердің мониторингі бойынша жұмыс жүргізбейді, қарыздарды өтеу және өндіріп алу бойынша толық шаралар қабылданбайды.
Анықтама ретінде: ҚР Бюджет кодексін бұза отырып, өткен жылдардың дебиторлық берешегінің сомасын, оның ішінде Мәдениет министрлігінде 2,6 млн.теңге, Спорт комитетіне 2,4 млрд. теңге сомасында, Тіл саясаты комитетінде 0,9 млн. теңге сомасында өтеу бойынша тиісті шаралар қабылданбаған. Ішкі істер министрлігінде өткен жылдардың жалпы сомасы 12,5 млн.теңгеге дебиторлық берешегін өтеу қамтамасыз етілмеген ,бұл ҚР Бюджет кодексінің талаптарын бұзу болып табылады. Мәдениет министрлігінде Ереженің талаптарын бұза отырып, «Гарант-Тур» ЖШС мен «Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-да есепте тұрған 387,1 мың теңге сомаға өткен жылдардың дебиторлық берешегін өндіріп алу бойынша шаралар қабылданбаған және талап-арыз жұмысы жүргізілмеген;
Сондай-ақ талап қою мерзімі өткен 226,9 мың теңге сомасына кредиторлық берешек (2015 жылдан бастап Қазпочта АҚ-да есепте тұр) есептеледі, осыған байланысты осы берешек кредитордың борышты кешіруі ретінде қаралуы және бюджет кірісіне аударылуы тиіс. Энергетика министрлігінде 116,3 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер бойынша дебиторлық берешек көрсетілмеген, ал бұл берешек болған және тану критерийлеріне толық сәйкес келеді. Сондай-ақ, ҚР Бюджет кодексінің 97-бабының 7-тармағын бұза отырып, Министрлік 742,5 мың теңге мөлшерінде дебиторлық берешекті қайтаруды және жалпы сомасы 310 443,5 мың теңге аванс сомасын қайтаруды қамтамасыз ету бойынша толық шаралар қабылдамайды).
Бұдан өзге аудит жауапты тұлғалардың бухгалтерлік есепте жүргізілген операциялардың уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етпейтінін анықтады.
Анықтама ретінде: (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын және есеп саясатын бұза отырып, 2018 жылғы желтоқсанда 194,9 мың теңге сомасына жүргізілген шығыс операциялары 2019 жылғы қаңтарда бухгалтерлік есепте көрсетілген. 01.01.2019 ж .осы сома Жоғарғы соттың балансында дебиторлық берешек түрінде көрсетілген.
Аудитпен Индустрия министрлігі мен экономика министрлігінің бухгалтерлік есебінде «KazakhInvest» ҰК» АҚ жарғылық капиталының құнын бір мезгілде көрсету фактісін анықталды. Нәтижесінде, көрсетілген Министрліктерде Қағидаларды бұза отырып, қаржы инвестицияларының құны, оның ішінде Индустрия министрлігінде 2,8 млрд. теңгеге және Экономика министрлігінде 1,4 млрд. теңгеге арттырылды.
Осыған ұқсас, Сыртқы істер министрлігінің балансында Қағидаларды бұза отырып, «Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» АҚ-ның жарғылық капиталына құны 1 млрд. теңге қаржы инвестициялары көрсетілмеген, олар Министрлікке ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінен 2019 жылғы 20 ақпандағы №188 қабылдау-тапсыру актісімен берілген.
Мәдениет министрлігінде министрліктің балансындағы қаржы инвестицияларын мемлекеттік мүлік тізілімінің базасымен салыстыру барысында gosreestr.kz айырмашылықтар анықталған. Мәселен, «Қазақфильм» АҚ жарғылық капиталы құрылтай құжаттарына сәйкес 5,9 млрд.теңге мөлшерінде есептеледі. Ал Министрліктің есебінде «Қазақфильм» АҚ-дағы инвестициялардың құны 6,1 млрд.теңге сомасына жоғары және көрсетілген. Осылайша, Есеп саясаты мен Қағидаларды бұза отырып, Министрлік «Қазақфильм» АҚ-ның қаржылық инвестицияларының мөлшері дұрыс емес көрсетілген, алшақтық сомасы 104 млн.теңгені құрады.).
Сондай-ақ аудит қорытындысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын бірқатар бұзушылықтарды көрсетті.
Анықтама ретінде: ( «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы 43-бабының 12- тармағына сәйкес Тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
Көрсетілген норманы, сондай-ақ Қаржылық есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бұза отырып, аудит жүргізілген Министрліктер 531 млн. теңгеге кепілді жарналардың сомасын жеткізушілерге қайтару не республикалық бюджетке есептеу жөнінде уақтылы шаралар қабылдамаған.
Осыған ұқсас, Ішкі істер министрлігінің арнайы шотында ұзақ уақыт бойы жабық қылмыстық істер бойынша жалпы сомасы 143 млн.теңгеге ақша қаражаты бар. Ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Заттай дәлелдемелерді алу, есепке алу, сақтау, беру және жою ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аталған қаражат заңды иелеріне қайтарылуы не мемлекет кірісіне айналуы тиіс).
Аудиттелген министрліктердің қаржы қызметі мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті қалыптастыру тәртібін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтамайды.
Сонымен қатар, аудитпен Министрліктің орталық аппаратының қызметкерлеріне жұмыс істемегені үшін сыйақы төлеу фактілерін анықталды, сондай-ақ кредиторлық берешек болған кезде, сондай-ақ қолма-қол ақша қаражатымен операцияларды жүргізу кезінде талаптар сақталмайды.
Сонымен аудит нәтижелері аудиттелген Мемлекеттік органдардың ішкі бақылау жүйесі Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзушылықтарды уақтылы және толыққанды анықтауды және болдырмауды қамтамасыз етпейтінін көрсетеді.
Ішкі аудит қызметтері Министрліктер мен оның ведомстволарының орталық аппаратының қызметіне мемлекеттік аудит жүргізбейді, сәйкесінше мемлекеттік органдардың бюджеттерін толық қамту қамтамасыз етілмейді.
Мемлекеттік секторларда ішкі аудит жүргізудің қолданыстағы нормативтік базасы мен әдіснамасы негізінен кейіннен бақылауды жүзеге асыруға бағытталғандығын атап өткен жөн, бұл нәтижеге бағдарланған бюджеттеудің жұмыс істеуі кезеңінде ішкі аудиттің дәлелді сипаттамаларының көрінуіне қайшы келеді. Осыған байланысты ішкі аудит қызметтері кейіннен бақылауды жүргізуден бөлек алдын ала және ағымды бақылауды жүзеге асыру тиістілігін орынды деп есептейміз, бұл олардың жұмыстарының тиімділігін арттырады.