Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті қолданыстағы заңнамада көзделген әкімшілік іс жүргізуді қозғау бойынша жұмыс жүргізуде.
2024 жылдың басынан бастап Департаментпен 289 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Салынған айыппұлдар сомасы 31 354 310 теңгеге тең, өндіріп алынған айыппұлдар сомасы 31 335 850 теңгені немесе 99,9% құрайды.
Жүргізілген талдау негізінен әкімшілік іс жүргізудің құрамы мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар (заңда көзделмеген негіздер бойынша Мемлекеттік сатып алу рәсімін қолданбай шарттар жасасу не өнім берушілерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа талап-арыздарды уақтылы қолданбау) болып табылатынын анықтады.
Қазіргі уақытта Департамент Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді толық көлемде жүзеге асырады, бұл әкімшілік іс жүргізу қозғалған адамға санкцияда көрсетілген соманың елу пайызы мөлшерінде айыппұл сомасын жеті тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік береді.