Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент) тарапынан 2023 жылы 123 аудиторлық іс - шара жүргізілді (оның ішінде бекітілген тізбеге сәйкес 22 аудиторлық іс-шара, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша 15 аудиторлық іс-шара және 86 аудиторлық іс-шара жеке және заңды тұлғалардың арызы бойынша).
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 430,1 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды (оның ішінде 193,6 млн теңгесі қалпына келтіруге және 236,5 млн. теңгесі бюджетке өтеуге жатады).
Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою үшін, Департамент тарапынан «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңында көзделген ден қою шаралары қабылданды.
2023 жылы камералдық бақылаумен 22 283 (қамтылуға жататын лоттардың жалпы санының 99.3%-ы) лот қамтылып, оның ішінде 2 038 лот бойынша хабарламалар жіберілді.
Есептік кезеңде 1 966 хабарлама орындалды (немесе жіберілген хабарламалардың жалпы санының 96,4%), 32 хабарлама бойынша орындау мерзімі басталмады, ал орындау мерзім өткен хабарламалар бойынша камералды бақылаудың тиісті ден қою шаралары қабылданды.
Анықталған бұзушылықтарды жоюға және жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы жолданылған нұсқамалар негізінде, мемлекеттік аудит объектілерінің 106 жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасы әр түрлі заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 612 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалды (салынған айыппұлдың жалпы сомасы 94,5 млн. теңге).
Есепті кезеңде жалпы салынған айыппұлдардың соммасының 87,1 млн. теңгесі(немесе 92,2%-ы)бюджет кірісіне өндірілді.