Меню

Страницы

Статья

2023 жылы аудит объектілерімен жасалған негізгі бұзушылықтар

2023 жылы Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті құзыреті шегінде 145 аудиторлық іс-шара өткізіп, 12 206 972,8 мың теңге сомасындағы бұзушылықтар анықтады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 6 417 179,8 мың теңгені, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 5 789 793 мың теңгені құрады. 5 771 461,4 мың теңгесі қабылданған шаралармен өтелді және қалпына келтірілді. Тәртіптік жауапкершілікке 97 лауазымды тұлға, әкімшілік жауапкершілікке 16 лауазымды тұлға тартылды.

Ең жиі жол берілетін бұзушылықтардың бірі аудит объектілерінің орындалмаған жұмыс көлемі үшін мердігерлік ұйымдарға ақша қаражатын аударуы болып табылады. Мәселен, «Қарабалық ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-і «Инсект» ЖШС-не, орындалған жұмыстардың актісі бойынша мердігер тапсырған жұмыстардың көлемі мен орындалған жұмыстардың нақты көлемінің айырмашылықтары бола тұра, нақты орындалмаған жұмыстардың көлемі үшін 64 077,5 мың теңгені негізсіз аударған. Осыған сипаттас, «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ іс жүзінде орындалмаған жұмыс көлемі үшін «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС 16 205,8 мың теңге төлеген,  «Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ орындалған жұмыстардың актілері бойынша бір көлемге екі рет бюджеттік қаражат төлеген, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы Қостанай ауданының білім бөлімі» ММ орындалмаған құрылыс-монтаж жұмыстары үшін 5 997,7 мың теңге сомасында бюджет қаражатын негізсіз төлеген. Қабылданған шаралармен жоғарыда көрсетілген сомалар жұмыстарды орындау және бюджетке өтеу жолымен қалпына келтірілді, лауазымды тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданды.

Дата публикации
05 марта 2024
Дата обновления
05 марта 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы