Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жеке тұлғаның өтініші негізінде «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ-де (бұдан әрі – Білім басқармасы) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдалану мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара өткізілді.
Тексеріс барысында «Аристократик» ЖШС-сы және «Гулливер 6» ЖШС-сы мектепке дейінгі ұйымдарының «Электрондық балабақша» жүйесіне қатысу парақтарында белгіленгендігі, алайда нақты түрде балалардың жоғарыда аталған мектепке дейінгі ұйымдарға бармағандықтары анықталды.
Осылайша, Білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бұза отырып, жоғарыда аталған мектепке дейінгі ұйымдарға жалпы сомасы 1 056,3 мың теңгенің көрсетілмеген қызметтері үшін төлем жүргізгендігі көрсетілді.
Тексеру нәтижелері бойынша аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберіліп, қабылданған шаралармен негізсіз төленген қаражат сомасы толық көлемде бюджетке өтелді.