Меню

Страницы

Статья

2023 жылғы мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің камералдық бақылау қорытындысы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылауды жүзеге асырады.

Камералдық бақылаудың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және алдын алу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.

Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша және келіп түскен шағымдар негізінде жүзеге асырылады.

2023 жылы бөліммен 27 194 мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералдық мониторинг жүргізілді, оның ішінде 5 945 сатып алуларға хабарламалар жолданды, яғни 21,9% мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзушылықтар анықталды.

Тапсырыс берушілер тарапынан мемлекеттік сатып алулар кезінде жіберілетін негізгі бұзушылықтар:

  1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 798 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган анықтайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығын орындамау;
  2. Әлеуеттi өнiм берушiлердiң өтiнiмдерiн дұрыс қарамау, атап айтқанда, өтiнiмдер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтiнi анық болған жағдайда мұндай өтiнiмдер конкурсқа (аукционға) қатысуға жiберiледi;
  3. Әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтініміне шартты жеңілдіктерді дұрыс тағайындамау;
  4. Бәсекелестік ортаны сақтамай бір көзден алу арқылы шарт жасасу;
  5. Конкурсқа (аукционға) қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында, қорытындылар туралы хаттамада әлеуетті өнім берушінің конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімін қабылдамау себептерін толық сипаттамау;
  6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу;

Айта кету керек, ұйымдастырушылар Департамент тарапынан жіберілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың толық орындалмауы, нұсқамаға сәйкес емес орындалуы әкімшілік ауыртпашылыққа және бюджет қаражатының уақытылы игерілмеуіне әкеледі.

Осылайша, хабарламаны уақытылы және тиісінше орындамағаны үшін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 77 хат жолданды, 94 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, соттың қарауына жіберілді.

 

Дата публикации
27 февраля 2024
Дата обновления
27 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы