Меню

Страницы

Статья

Қаратөбе ауданы әкімдігі Қаратөбе аудандық Ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-нің аудит қорытындысы

Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Қаратөбе ауданы әкімдігі Қаратөбе аудандық Ішкі саясат бөлімінің «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ-де бюджет қаражатының бухгалтерия қызметкерлеріне еңбек ақы есептелуі мен төленуінің және жеткізушілермен өзара есеп айырысу негізділігі сұрағы бойынша аудит жүргізді.

Аудит қорытындысымен 01.01.2023 жылдан 31.12.2023 жыл аралығында  Мекеме  қызметкеріне   6 946,9 мың.тенге негізсіз ақшалай қаражат (еңбек ақы) аударылымдары анықталды.

Заңсыз төлемдер сомасының   негізгі мөлшері  кәсіпорынның бас есепшісіне тиесілі,  ол 01.01.2023 жылдан 31.12.2023 жыл аралығында лауазымдық  өкілеттігін  асыра пайдаланып, еңбек ақы, іс-сапар шығындары түрінде     өзінің карточкалық  шотына   жалпы сомасы  3 107,1 мың.тенге қаржыны  аударған.

Бұл іс-әрекеттер өз кезегінде пайдакүнемдік мақсаттар үшін пайдаланған бас есепшіге ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) берген кәсіпорын басшылығы тарапынан бақылаусыздықтың салдары болып табылады.

Аудит 0орытындысымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік аудит туралы заңнамасына сәйкес Департамент анықталған бұзушылықтарды жою бойынша, оның ішінде аудиторлық іс-шара материалдарын процессуалды шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына беру бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

Дата публикации
22 февраля 2024
Дата обновления
22 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы