Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңында белгіленген құзыреттерге сәйкес, есепті кезеңде 28 аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 5 536 132,17 мың теңгеге бюджет қаражаттары және мемлекет активтері қамтылып, жалпы сомасы 3 110 543,61 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 1 469 819,98 мың теңгесі қаржылық сипаттағы және 1 640 723,63 мың теңгесі мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру барысында жіберілген рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар. Қаржылық сипаттағы бұзушылықтардың ішінен 1 020 118,88 мың теңге бюджетке өндірілуге жатады және 449 701,1 мың теңгесі тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау және бухгалтерлік есепте қалпына келтіруге жатады.
Есепті кезеңде облыстың құқық қорғау органдарына тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданған аудит материалдарының, жалпы сомасы 1 235 159,8 мың теңгеге жіберілген бұзушылықтар бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды.
2020 жылдың І тоқсаны бойынша Департаментпен жүргізілген аудиторлық іс-шаралар бойынша 18 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып және 69 лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 2 865,7 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынып, бюджетке өндірілді.
Департаменттің 2020 жылдың І тоқсанында жүргізген камералдық бақылау нәтижесімен 28 935 мемлекеттік сатып алуы бойынша 198 878 000,0 мың теңге көлемінде бюджет қаражаты қамтылған. Оның ішінде жалпы сомасы 8 052 566,6 мың теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алулар бойынша 204 анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі хабарламалар жіберіліп, заң бұзушылықтардың алдын алды.
Маңғыстау облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы
Алибеков Д.С.