Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысы бойынша ІМАД 2020 жылғы маусым айындағы аудиторлық іс-шараларының нәтижесі

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық туберкулезге қарсы диспансері" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

  Жүргізілген сәйкестік аудитімен мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырып, жүргізу кезінде жалпы сомасы 4075,4 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесімен ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабы 8-бөлімі бойынша тапсырыс берушінің лауазымды тұлғасы 18,9 мың теңге айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Батыс Қазақстан обылысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Облыстық көп бейінді ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

 Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижесімен  21 525,0 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, нақты: мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесінің 150-тармағын бұза отырып  аудит объектісі  екі әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімін конкурсқа  негізсіз жіберген анықталды.

 

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Ақжайық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

 Аудит қорытындысымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 155-тармағының бұзылып, әлеуетті өнім берушілерге "жұмыс тәжірибесі" өлшемі бойынша шартты жеңілдіктер есебі дұрыс қолданылмағандығы анықталды.

 

"Махамбет ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

 Атқарылған жұмыстарды бақылау-тексерумен  жалпы сомасы 102,6 мың теңгеге тауарлық - материалдық құндылықтың жетіспеушіліктері: оның ішінде 84,4 мың теңгеге 1 дана күркелі орындық, және 18,2 мың теңгеге 2 дана жәшік анықталды.

 

"Қаратөбе аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекеме

А.Х. Өтеғалиевтің өтініші негізінде "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылындағы "Темірауыл-2" тұрғын алабында 67 бір пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз)" конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына жүргізілген сәйкестік аудитімен бұзушылықтар анықталмады.

 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 5517 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестік мәселесі бойынша жүргізілген аудит нәтижесінде "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңын бұза отырып, аудит объектісімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін қолданбай, жалпы сомасы 325,0 мың теңгеге тауар сатып алуды жүзеге асырылғандығы анықталды.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 207-бабының 11-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар тиесілі аумақтық Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Барлық сәйкестік аудиттерімен қамтылған нысандарға  анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама енгізілді.

Дата публикации
02 июля 2020
Дата обновления
02 июля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы