Меню

Страницы

Статья

«Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2023 жылғы аудиторлық қызметінің қорытындысы

Аудиторлық қызметтің негізгі көрсеткіштері

Департамент тарапынан 2023 жылдың 12 айында барлығы 108 аудиторлық іс-шарамен 43 млрд. 452,9 млн. теңге қаражат қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы 39 млрд. 236,4 млн. теңгеден астам бұзушылықтар анықталған (қаржылық есептілік аудиті нәтижелерін қоспағанда), оның ішінде бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 38 млрд. 625,6 млн. теңге немесе 99% (қаржылық+рәсімдік сипатағы бұзушылықтар) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 389,3 млн. теңге немесе 1% құрайды.

Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге, қалпына келтіруге және есептілікте көрсетуге жататыны 33 млрд. 508,4 млн. теңге (өтеуге жататыны – 1 млрд. 368,5 млн. теңге, қалпына келтіруге – 32 млрд. 030,4 млн. теңге, есептілікте көрсетуге жататыны – 109,6 млн. теңге).

Департаменттің ден қою шараларымен бюджетке өтелгені, қалпына келтірілгені және есептілікте көрсетілгені 30 млрд. 835.4 млн. теңге немесе 92 % (бюджетке өтелгені 1 млрд. 035,7 млн.тг., қалпына келтірілгені 29 млрд. 690,1 млн.тг., есептілікте көрсетілгені 109,6 млн. теңге).

Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілердің 272 лауазымды тұлға және 18 заңды тұлғаға қатысты 532 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалары толтырылып, 60,2 млн. теңге айыппұл салынды. Оның 59,4 млн. теңгесі бюджетке төленсе, 0,8 млн. теңгенің айыппұлы уақытылы төленбеуіне байланысты сот орындаушыларға жолданды.

Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы 95 нұсқама жолданып, 76 нұсқама толығымен орындалды. Қалған 19 нұсқаманың орындалу мерзімі келмеген (мерзімі ұзартылған).

Аталған нұсқамалар бойынша объектісінің 108 жауапты тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2023 жылдың өткен кезеңінде анықталған заңнама бұзушылықтардың 1 млрд. 223,7 млн. теңге сомасында 12 мемлекеттік аудит материалдары жолданған.

Қолданылған шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдарымен 12 аудит материалдары бойынша ҚР ҚК-нің 189 және 190 бабтары бойынша сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу бойынша, алаяқтық бойынша қылмыстық істер қозғалып, тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Дата публикации
26 января 2024
Дата обновления
26 января 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы