Департаментпен 2023 жылдың 112 аудиторлық іс-шаралары өткізілді.
Аудиторлық іс – шаралардың қорытындылары бойынша бюджет және өзге де заңнаманы бұзушылықтар 5 195,4 млн.теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 2406,5 млн. теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар-2788,9 млн. теңге анықталды.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік бойынша қалпына келтіруге, өтеуге және сәйкестендіруге жататын жалпы сома 3 482,5 млн.теңгені (немесе анықталған бұзушылықтар сомасының 67,1%) құрады, оның ішінде:
қалпына келтіруге жататыны – 577,5 млн. теңге, оның ішінде тауарлармен, жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен қалпына келтірілгені – 492,5 млн. теңге (85,3%),
бюджетке өтелуге жататыны - 468,4 млн. теңге, оның ішінде бюджет кірісіне өтелгені - 283,3 млн. теңге (60,5%),
есепке алу бойынша – 1 360,6 млн. теңге, оның ішінде есепке алынғаны бойынша – 1 360,6 млн. теңге (100%),
сәйкес келтіруге жататыны – 1078,7 млн. теңге, сәйкестендірілгені – 1072,1 млн.теңге (99,4%).
Өтелмеген және қалпына келтірілмеген қалдықтар бойынша қылмыстық, сот және талап-арыз жұмыстары жүргізілуде.
Бақылауға жататын 19261 лоттың 19442 лоты (99,1%) камералдық бақылаумен қамтылып, қорытындысымен 2531 хабарлама жолданып, уақытылы орындалмаған 114 хабарлама бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 462 бабы 3 тармағымен 32 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мемлекеттік сатып алу заңнамаларың бұзушылықтардың жалпы сомасы 1509,9 млн. теңгені құрады.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 103 ұсыныс енгізілді, оның ішінде 85 немесе (82,5 пайызы) орындалды.
Жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тексерілген объектілердің 136 қызметкері тартылып, оның ішінде 6-ы атқаратын лауазымынан босатылды.
Департаментпен құқық қорғау органдарына 18 маман қорытындысы түзетіліп ұсынылды.
2023 жылдың есептік кезеңінде Департаменттің лауазымды тұлғалары жалпы сомасы 31,3 млн.теңгеге 279 әкімшілік хаттама толтырылып, оның ішінде 30,5 млн. теңге өндіріліп алынды, бұл өтеудің 97,4% - ын құрайды.
Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін 4 аудит материалдары жолданды.