Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылы 91 аудиторлық іс-шара өткізді, оның ішінде 12 аудиторлық іс-шара Ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес және 79 жоспардан тыс аудиторлық іс-шара.
Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 69 888,4 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 24 948,4 млн. теңгені, рәсімдік бұзушылықтар – 44 940 млн. теңгені құрайды. Өтеуге – 2 420,3 млн.теңге, қалпына келтіруге – 3 339,3 млн. теңге, есепке алу бойынша көрсетуге – 19 188,8 млн. теңге, сәйкестендіруге 1,94 млн.тенге жатады. Бюджетке өтелді – 630,8 млн. теңге; қалпына келтірілді- 2 527,9 млн.теңге; есепке алу бойынша көрсетілді -19 155,0 млн. теңге, сәйкестендірілді – 0,29 млн.тенге.
Есепті кезеңде аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 52 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жол берілген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 50 360 125 теңгеге айыппұл түрінде 703 әкімшілік жаза қолданылды, 49 291 125 тенге өндірілді.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 744,4 млрд.теңгеге 23 753 лот қамтылды және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 57. 8 млрд. теңге сомаға 3 032 хабарлама жіберілді.