Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ішкі мемлекеттік аудит жүргізу жөніндегі негізгі функцияларды іске асыру мақсатында 2023 жылдың 9 айы ішінде бюджет қаражатын пайдалану үшін 113 аудиторлық іс-шара өткізді. Аудиторлық іс-шара барысында Астананың 69 объектісі аудитпен қамтылды, оның ішінде жоспарлы тексерулер саны 26 немесе 29% , сондай-ақ 39 мемлекеттік аудит объектісінде аудит электронды түрде өндірілген.
Тексерулердің жалпы санының 87 немесе 71%-ы келіп түскен өтініштер бойынша, құқық қорғау органдарының сұраулары бойынша, жоғарғы органдардың тапсырмасы бойынша, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілген жоспардан тыс тексерулерге тиесілі.
Белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасы 56 426 942,8 мың теңгені құрады. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 31 591 864,2 мың теңге және процедуралық сипаттағы бұзушылықтар 24 835 078,57 мың теңге, оның ішінде:
- 37 010 425,6 мың теңге, бюджет және өзге де заңнаманы бұзу;
- 17 770 479,5 мың теңге квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекет активтерін басқару және пайдалану кезіндегі заңнаманы бұзу;
- 1 646 037,7 мың теңге бухгалтерлік, бюджеттік есепке алуды жүргізу және қаржылық, бюджеттік есептілікті жасау кезіндегі заңнаманы бұзу.
Бұдан басқа, жалпы сомасы 18 524 715,37 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтаудан, жолын кесуден және оларға жол бермеуден басқа, бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша барлық ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылатын анықталған бұзушылықтарды жоюға ұйғарымдар жіберіледі.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен 12 292 676,1 мың теңге қалпына келтірілді және өтелді, оның ішінде 11 862 236,9 мың теңге сомасына кәсіпорындардың шоттарына ақшалай қаражатты қалпына келтіру жолымен қалпына келтіріліп, жұмыстар мен қызметтер орындалып, сондай-ақ тауарлар жеткізілді және 430 439,2 мың теңге бюджет кірісіне өтелді.
Құқық қорғау органдарына 3 объекті бойынша мемлекеттік аудит материалдары жіберіліп, қылмыстық істер қозғалған.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 48 765,3 мың теңге сомасында айыппұл салумен 394 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде бюджет кірісіне 47 560,05 мың теңге аударылды және төленді немесе 97,5%.
Есепті кезеңде тәртіптік жауапкершілікке 70 лауазымды тұлға тартылып, оның ішінде 11-і атқаратын лауазымынан босатылды.
Біз тексерген бірқатар мемлекеттік аудит объектілерінің, мемлекеттік мекемелердің және бюджет қаражатын алушылардың қызметі тиісті дәрежеде бюджет қаражатын пайдалануы қамтамасыз етілмейді.
Аудитке ұшыраған барлық - құрылыс, денсаулық сақтау, мәдениет, білім салаларда бұзушылықтарға жол берілді.