Меню

Страницы

Статья

ШҚО бойынша ІМАД 2023 жылғы камералдық бақылау қорытындысы

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 247,2 млрд. теңгені құрайтын 20 732 мемлекеттік сатып алу рәсімін камералдық бақылаумен қамтыды.

Нәтижесінде 48,3 млрд.теңге сомасына мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы бұзушылықтар анықталып, 2 302 хабарлама жіберілді.

Талдау көрсеткендей, тапсырыс берушілер тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін таңдау барысында, көбінесе тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді бәсекеге қабілетсіз тәсілмен сатып алу жағдайының ерекшелігін растайтын тиісті негізсіз жол береді.

2023 жылы Департамент 24 млрд.теңгеге бәсекелестік ортасыз мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша 592 жағдайдың алдын алды.

Сонымен қатар, бұзушылықтардың үлкен үлесі мемлекеттік сатып алу қорытындыларын шығару кезеңіне де тиесілі, оның шеңберінде негізсіз бас тартуға және заңсыз жіберуге, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың өлшемшарттарын дұрыс есептемеуге жол беріледі.

Департамент камералдық бақылау шеңберінде қабылдаған шаралармен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен тапсырыс берушілер тарапынан әлеуетті өнім берушілердің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуының алдын алды.

Жекелеген жағдайларда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 12 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Дата публикации
26 января 2024
Дата обновления
26 января 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы