Меню

Страницы

Статья

Абай облысы бойынша МАД-тың 2023 жылғы аудиторлық қызметтің қорытындылары

Абай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылы жалпы саны 135 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның ішінде:

– мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес - 13 аудит (9,6 %);

- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде - 114 аудит (84,4%);

- Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары бойынша -5 аудит (3,7%);

- бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректерін мониторингтеу нәтижелері бойынша – 3 аудит (2,2%).

Аудит барысында жалпы сомасы 34,8 млрд. теңгенің бюджет қаражаты қамтылып, қорытындысы бойынша жалпы сомасы 14,6 млрд. теңгенің бұзушылықтары анықталды немесе жалпы қамтылған сома көлемінің 41,9%, оның ішінде қаржылық бұрамалаушылықтар үлесі 2,4 млрд. теңгені құрады.

Анықталған 2 427,6 млн. теңгенің қаржылық бұрмалаушылығының жалпы сомасынан өтелуге жататыны – 398,0 млн. теңге, қалпына келтіруге жататыны  – 677,0 млн. теңге, есептіліктен көрсетуге жататыны – 1 352,5 млн. теңге.

Бүгінгі күні, қабылданған шаралармен өтеліп және қалпына келтірілгені 2 256,8 млн. теңге немесе 92,9%.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға енгізілген ұсынымдар бойынша 116 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сонымен қатар 76 тұлға әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін 10,6 млн. теңгенің айыппұлына Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексімен көзделген жауапкершілікке тартылды.

 

 

 

Дата публикации
24 января 2024
Дата обновления
24 января 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы