Меню

Страницы

Статья

Жария мүдделі ұйымдар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығымен бекітілген жария мүдделі ұйымдардың Депозитарийге қаржылық есептілікті тапсыру қағидаларына сәйкес жария мүдделі ұйымдардың (бұдан әрі - ЖМҰ) қаржылық есептілік депозитарийіне (бұдан әрі – Депозитарий) қаржылық есептілікті ұсыну тәртібі айқындалған.

Көрсетілген Қағидалардың қолданылуына байланысты «Ақпараттық есеп орталығы» акционерлік қоғамына қаржылық есептілікті уақтылы ұсынбағаны немесе ұсынбағаны үшін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 239 және 250-баптарында көзделген әкімшілік жауаптылықта болады.

2023 жылы Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Кодекстің 239-бабы бойынша қаржылық есептілікті ұсынбағаны немесе депозитарийге уақтылы ұсынбағаны үшін жалпы сомасы 3 864,0 мың теңгеге 11 ЖМҰ объектісін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Бұдан басқа, Кодекстің 250-бабы бойынша міндетті аудит жүргізуден жалтарғаны үшін жалпы сомасы 25,8 мың теңгеге 1 ЖМҰ объектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл ретте, бүгінгі күні салынған әкімшілік айыппұлдар толық көлемде өндіріліп алынды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасын жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында жария мүдделі ұйымдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын тұрақты негізде зерделеуді ұсынады.

 

Дата публикации
23 января 2024
Дата обновления
23 января 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы