Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылдың 12 айы бойынша 145 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның барысында 113 аудит объектісі қамтылды, оның ішінде 44 – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме және 69 – кәсіпкерлік субъектілері.
Есепті кезеңде жоспардан тыс тексерулер жүргізілді – 129, соның ішінде:
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – 46;
- құқық қорғау органдарынан қайта жіберілген өтініштер бойынша-43.
- жоғары тұрған органдардың қайта жіберілген өтініштер бойынша-11.
- жоғары тұрған органдардың тапсырмалары бойынша-29.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар 12 206 973,2 мың теңге сомасында бюджеттік заңнаманы бұзушылықтарды анықтады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 6417179,8 мың теңге және процессуалдық бұзушылықтар – 5789793,4 мың теңге (ағымдағы шығыстар – 4222495,8 мың теңге, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдалану саласындағы заңнаманы бұзу 54843,4 мың теңге. теңге, басқа бұзушылықтар 1512454,2 мың теңге).
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау бойынша жалпы сомасы 743 474,5 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік сатып алу нәтижелерін қозғайтындар – 641 315,5 мың теңге.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша келесі ден қою шаралары қабылданды: 120 ұйғарым жолданды,108 орындалды.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын камералдық бақылау нәтижелері бойынша 20 002 126,0 теңге сомасына 1556 хабарлама жіберілді, оның ішінде 18 002 966,4 теңге сомасына 1461 хабарлама орындалды.