Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекетік аудит департаменті (әрі қарай - Департамент) 2023 жылдың 86 аудиторлық іс-шара өткізді (оның ішінде сәйкестік аудиті бойынша – 83, қаржылық есептілік аудиті бойынша - 3). Сәйкестік аудитімен қамтылған бюджет қаражатының көлімі 21 008,1 млн. теңгені құрады.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша жалпы сомасы 65 467,1 млн. теңгеге бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңнама бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 1 053,1 млн. теңге, рәсімдік бұзушылықтар – 64 414,0 млн. теңгені құрады.
Департаменттің қаржылық бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде 623,1 млн. теңге сомасында бюджет қаражаты есепке алынып, қалпына келтірілді және өтелді.
Есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру мақсатында Департаментпен мемлекеттік аудит объектілеріне 72 нұсқама жолданды.
Есепті күнге 55 нұсқама бойынша орындау мерзімі келген, оның ішінде толық мөлшерде 55-і орындалды. Орындалмаған нұсқамалар бойынша Департаментпен заңнамаларға сәйкес тиісті шаралар жүргізілуде.
2023 жылда өткізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша 84 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бақылау қызметінің қорытындысы бойынша 353,1 млн. теңге сомасына бюджет қаражатын жымқырудың 8 фактісі анықталып, құқық қорғау органдарымен қарастырылуда.