Меню

Страницы

Статья

О результатах деятельности РГУ «Департамент внутреннего государственного аудита по области Жетісу» за 2023 год

Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жүктелген міндеттері мен функцияларына сәйкес 2023 жылдың қорытындысы бойынша келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылы 122 аудиторлық іс-шара өткізіліп, аудитпен жалпы сомасы 16 996,523 млн.теңге бюджет қаражаты қамтылды, қорытынды бойынша жалпы сомасы 13 027,787 млн.теңге немесе жалпы қамтудың 76,6% бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- 2 743,888 млн.теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар немесе жалпы жабудың 16,2%;

- ресімділік сипаттағы бұзушылықтар 10 283,899 млн.теңге немесе жалпы қамтудың 60,5%;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы бойынша бұзушылықтар 4 382,633 млн.теңге;

- 4 317,701 млн.теңге сомасына мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына әсер етутін;

- 64,932 млн.теңге сомасына мемлекеттік сатып алудың  қорытындыларына әсер етпейтін;

Бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы 2 743,888 млн.теңге сомасы қалпына келтіруге, есепке алуға және бюджетке өтеуге жатады, оның ішінде 1829,847 млн.теңге сомасындағы бұзушылықтар жойылды.

- өтеуге жататын – 1 490,381 млн.теңге, оның 1039,962 млн.теңгесі немесе 69,8% өтелді;

 - қалпына келтіруге жататын – 1 205,035 млн.теңге, оның ішінде 749,515 млн.теңгесі немесе 62,2% қалпына келтірілді;

 - бухгалтерлік есепте көрсетуге жататын – 48,472 млн.теңге, оның ішінде 40,369 млн.теңге немесе 83,3% бухгалтерлік есепте көрсетілген.

Есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы аудит обьектілеріне 112 нұсқама жолданды, оның ішінде 4 нұсқаманың есепті күнге орындау мерзімі келмеген. 1 нұсқама бойынша қарсылық қарастырылуда. 20 нұсқама бойынша мерзімі ұзартылды. 85 нұсқау-толық орындалды.

Аудит обьектілерінің берілген жауаптар бойынша 120 лауазымды тұлғалары жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 4 лауазымды тулғалар қызметінен босатылды. Сондай-ақ, аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша Департаментімен аудит обьектілерінің  34 лауазымды тұлғаларына 14,479 млн.теңге сомасында әкімшілік жаза қолданылып, оның 6,199 млн.теңгесі бюджет кірісіне өндірілді.

 

Дата публикации
12 января 2024
Дата обновления
12 января 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы