Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылғы камералдық бақылау қорытындысы

Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылы жалпы сомасы 722,42 млрд теңгені құрайтын 31 383 мемлекеттік сатып алу лоттары қаралуға жатты, оның ішінде 692,77 млрд теңгеге 30 822 лот (қамту 98,2%) қаралған.

78,0 млрд.теңге сомасына 3 675 лот (11,9%) бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 3 586 лот бойынша (сомасы 77,50 млрд.теңге) хабарлама жолданды, хабарламалар толықтай орындалды.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін лауазымды тұлғаларға 126 хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды.

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 54 хаттама толтырылды.

Бұзушылықтардың негізгі түрлері техникалық ерекшеліктерді қазақ тілінде орналастырмау, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін заңсыз қабылдамау немесе қабылдау, баға ұсыныстарын сұрату арқылы мемлекеттік сатып алу кезінде біліктілік талаптарын (материалдық және еңбек ресурстары біліктілік талаптарын қою), тауар таңбаларын көрсету болып қала береді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының ережелерін сақтамай тікелей шарт жасасу, яғни тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік емес тәсілмен сатып алу, сондай-ақ конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулер болған кезде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының Заңды бұза отырып, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) бекітуі.

 

 

Дата публикации
10 января 2024
Дата обновления
10 января 2024
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы