Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен қарастырылған "Инватакси" қызметтерін көрсетудің дұрыстығы мен шынайылығы сұрағы бойынша жүргізілген аудитпен аудит нысанымен «Бәйтерек мүгедек балалардың қоғамдық бірлестігіне» «Инватакси» қызметтері үшін - 6 792,5 мың теңгеге, «Белый парус «Мүгедектердің қоғамдық бірлестігіне» 514,7 мың теңгеге бюджеттен негізсіз төленгені анықталды.
Аудиторлық іс-шаралар барысында «Белый парус «Мүгедектердің қоғамдық бірлестігінен» - 514,7 мың теңге толық бюджетке өндірілді.
«Бәйтерек» мүгедек балалардың қоғамдық бірлестігіне қатысты аудит материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдары жіберілді.