Меню

Страницы

Статья

БҚО бойынша ІМАД аудит іс шаралары қорытындылары 21.02.2020

  1. Жәнібек ауданы әкімдігінің "Жолаушы" (шаруашылық жүргізуге құқылы) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

 

   Аудит нысанымен мемлекеттік сатып алу туралы Заң талаптарын бұза отырып жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарында қаралмаған сомаға сатып алу шарты жасақталған.

Аудит қорытындысымен басшы А.М. Сарсенгалиев ҚР ӘҚБтК 207 бабы 11,13 тармақтарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

  1. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі

 

Жоспардан тыс аудитпен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қағиданың 23 тармағы бұза отырып үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне «Караванный путь» ЖШС-гі енгізу туралы  мәлімет уәкілетті органға жіберілмеген (мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер етпеген).

  1. "Бәйтерек ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі

 

Конкурстық тәсілмен мемлекеттік сатып алуларды мемлекеттік сатып алу заңнамаларына сәйкестігі  аудитін жүргізумен  сатып алу қорытындысына әсер ететін 44 592,8 мың тенгенің рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары соның ішінде: мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы әлеуетті өнім берушілерге  шақырулар  қағаз түрінде жүргізілген.

 

  1. "Теректі ауданының сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі

 

2019 жылдың 13 маусымындағы № 19 «TauExpert» ЖШС-нің шағымы негізінде мемлекеттік сатып алу заңнамаларына сәйкестік аудитімен мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер ететін 297,5 мың тенгенің бұзушылығы  анықталды.

 

  1. Бөрлі ауданы әкімдігінің "Бөрлі ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі

 «Телестудия «Карачаганак» ЖШС шағымы негізінде ұйымдастырылған аудит сәйкестігімен 8928,5 мың тенгеге мемлекеттік сатып алу заңнамаларын бұзушылығы, атап айтқанда: Мемлекеттік сатып алу Қағидасының 155 және 177 тармақтары бұзылып демпинг белгісі дұрыс белгілемеу, «Жұмыс тәжірибесі» критериялары дұрыс есептемеулер анықталды.

 

  1. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі

 

Жүргізілген аудитпен 2100,0 мың тенгеге мемлекеттік сатып алу заңнамаларын бұзышылықтары соның ішінде Мемлекеттік сатып алу Қағидасының 155 және 177 тармақтары бұзылып демпинг белгісі дұрыс белгілемеу, әлеуетті өнім берушілерге шартты жеңілдіктерді  дұрыс есептемеулер анықталды.

 

  1. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі

 

Аудитпен барлығы 491,0 мың тенгенің қаржылық бұзушылықтары соның ішінде  бөлімнің жетекші маманы А.Х. Карекеноваға 181,3 мың тенге бұйрықсыз іссапар шығындары, 196,8 мың тенге енбек ақы және 112,9 мың тенге материалдық көмек көрсетіліп төленген.

  1. «№1 орта жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі

2019 жылдың 27 ақпанындағы «Ұстаз» ЖШС-і шағымымен жүргізілген аудитпен бұзушылықтар анықталды.

 

9."Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Аудитпен 23.08.2018 жылғы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» № 513 Қағиданың 3 тарауы 20 тармақшасы бұзылып рәсімдік сипаттағы кейбір азаматтарға гранттар  аударулар анықталды.

  1. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесі

2019 жылдың 5 қарашасындағы «Смартбай-Азия» ЖШС-гі шағымы негізінде жүргізілген жоспардан тыс аудитпен  491,2 мың тенгеге рәсімдік сипаттағы мемлекеттік сатып алу заңнамаларын бұзушылықтары анықталды.

Департаментпен барлық аудит нысандарына анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыру туралы нұсқамалар енгізілді.

Дата публикации
24 февраля 2020
Дата обновления
24 февраля 2020
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы