Меню

Страницы

Статья

БҚО бойынша ІМАД аудит іс шаралары қорытындылары

  1. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2019 жылдың 6 желтоқсанындағы Э.К. Мамбеткалиеваный № 9-5-1-ЖТ-М-325-4127 шағымы негізінде  ЖК «Мацура» және ЖШС  "FRESH MEDIA EVENT" арасындағы бір көзден сатып алу тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу шартының Қазақстан Республикасының миемлекеттік сатып алу заңнамаларына ұйымдастырылған аудит сәйкестігімен бұзушылықтар анықталмады.

 

  1. Орал қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 1 балалар өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

К.У.Кузембаевтың шағымына сәйкес еңбек ақылардың дұрыс есептеліп төленулеріне жүргізілген аудит сәйкестігімен барлығы 568 теңгенің еңбекакы артық төленгені анықталып, толықтай қалпына келтірілді.

Аудит нысанының бас есепшісі «ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

  1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі

ЖК «Мукашева А.Ш.» шағымы негізінде жеке кәсіпкермен шарттың мемлекеттік сатып алу заңнамаларына аудит сәйкестігімен    Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43 бабы 19 тармағы 4 тармақшасы және Шарттың 8.4 тармағы 3 тармақшасы бұза отырып, Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментімен ЖК «Мукашева А.Ш.»  2019 жылдың 30 қыркүйегіндегі № 583 шарт негіссіз күшін жойғаны анықталды.

Аудит қорытындысымен аудит нысанына анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыру туралы нұсқама енгізілді.

  1. Жаңақала ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Жаңақала аудандық ветеринариялық станция» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

Ж.У. Алекешеваның шағымы негізінде алдын-алу және диагностикалық шараларға бөлінге бюджет қаражатын мақсатты пайдалануына аудит сәйкестігі жүргізілді.

Аудитпен барлығы 48 652,3 мың тенгенің бұзушылықтары анықталды, оның ішінде есептілікпен қалпына келтірілетіні- 48 535,0 мың теңге, өндіруге  тиесілісі- 117,3 мың тенге құрайды.

Аудит қорытындысымен анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыру туралы нұсқама енгізіліп, аудит материалдары процессуалды шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.

Дата публикации
14 января 2020
Дата обновления
14 января 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы