Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың 5 айындағы БҚО мемлекеттік сатып алу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы

Батыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

2020 жылдың  5 айында 191 лауазымды  тұлғаларға 5 932,1 мың теңгеге  әкімшілік хаттамалар толтырылса оның ішінде 178  хаттама немесе 93 пайызы мемлекеттік сатып алу заңнамаларын бұзушылықтар бойынша толтырылған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 207 бабы 11 тармағымен мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру, және жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін 21 лауазымды тұлға, 207 бабы  13 тармағымен   мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырмау немесе уақтылы орналастырмағаны үшін 113 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Департамент өз тарапынан бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау бағытында мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушылармен, тапсырыс берушілерге түсінік жұмыстарын жүргізуде.

Дата публикации
05 июня 2020
Дата обновления
05 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы