Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық мүдделі ұйымдардың әкімшілік жауапкершілігін қарау туралы ақпарат

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі – Департамент) қоғамдық мүдделі ұйымдардың (бұдан әрі – ОПИ, Ұйымдар) әкімшілік жауапкершілігін қарау бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 19-бабының 7-тармағына сәйкес қоғамдық мүдделі ұйымдар қаржылық есептілікті уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен депозитарийге ұсынуға міндетті..

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығымен бекітілген Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілігін депозитарийге табыс ету қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 3-тармағына сәйкес ұйымның жылдық қаржылық есептілігі (есепті кезеңде әрекет етпеген және есепті кезеңнің 1 қаңтарына дейін банкрот деп жарияланғандарды қоспағанда) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей, салалық заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген депозитарийді жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілеттік берілген ұйымға интернет-ресурсы арқылы жылдық қаржылық есептілікті ұсынады. Ұйымдар (қаржы ұйымдарын және есепті кезеңде әрекет етпеген және есепті кезеңнің 1 қаңтарына дейін банкрот деп танылғандарды қоспағанда) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 "Қоғамдық мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарын қоспағанда) жариялауы үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесін және нысандарын бекіту туралы" жылдық қаржылық есептілікті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге және нысандарға сәйкес жасайды.

Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін қаржылық есептілікті табыс етуден бас тарту, белгіленген мерзімдерді бұза отырып табыс ету немесе оларды депозитарийге дәлелсіз себептермен ұсынбау түрінде қаржылық есептілік, сондай-ақ міндетті аудит жүргізуден жалтару немесе оның жүргізілуіне кедергі келтіргені үшін көзделген Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 239 және 250-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

ҚР ӘҚБтК-нің 722-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары ҚР ӘҚБтК-нің 239, 250-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

Бүгінгі күні Департаментпен 37 Ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 239 бабына сәйкес 35 Ұйым, сонымен қатар белгіленген мерзімдерді бұзғаны немесе дәлелді себептерсіз ұсынбағаны үшін – 29-ы. әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған – 6 және 250 бабына сәйкес 2 Ұйым.

Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 16 284 000 теңгені құрады, оның ішінде 239-бап бойынша – 16 215 000 теңге және 250-бап бойынша – 69 000 теңге. Бүгінгі таңда бюджетке төленген айыппұлдың жалпы сомасы 15 939 000 теңгені құрайды.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 декабря 2023
Дата обновления
29 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы