Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жеке тұлғаның жазылған арызы негізінде Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық офтальмологиялық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында арыздағы мәселелер бойынша аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Нәтижесінде 8 989,4 мың теңге сомасында қаржылық анықталды. Оның ішінде 1235,0 мың теңге кінәлі лауазымды тұлғалардың есебінен және өнім берушіден тауарларды жеткізу жолымен 7 754,4 мың теңге қалпына келтіруге жатады. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар бойынша 767,2 мың теңге сомасында анықталды.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысымен аудит объектісіне еңбек ақы бойынша есептелген 431,6 мың теңгені және 3941 литр жанар-жағармай материалының (бензин) сомасы, 803,4 мың теңгені кінәлі лауазымды тұлғалардың есебінен қалпына келтіру, 7 754,4 мың теңгені құрайтын тауарды, техникалық ерекшелікте көрсетілген сипаттамаларына сәйкес, жеткізілуін қамтамасыз ету бойынша Нұсқама жолданды.
Сонымен қатар, кәсіпорынның лауазымды тұлғасына әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Мемлекеттік аудит объектісі нұсқаманың орындалғандығын туралы хабарлады. Яғни, 1235,0 мың теңге кінәлі лауазымды тұлғалардың есебінен және өнім берушіден тауарларды жеткізу жолымен 7 754,4 мың теңге қалпына келтірілгендігі бойынша дәлелді құжаттарын жолданды.
Анықталған бұзушылықтарға жол бергені үшін бір қызметкерге «сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолданылған.