Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан «Ордабасы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекция бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай-мекеме) аудиторлық іс-шара жүргізілді. Аудит нәтижесінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес, тауарларды, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметтерді жеткізуді растаудың дұрыстығын қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеменің талаптарын сақтамай, 9717,0 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Мекемеге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жіберіліп, анықталған 9717,0 мың теңге қаржылық бұзушылық қалпына келтірілді.
Бұдан басқа, 2022 жылы мекеме басшысының міндетін уақытша атқарушысы А.Балабиевке бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, бюджетке 153 150 теңге төленген.
Сондай-ақ, 2023 жылы мекеме басшысы А. Искаковқа екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, бюджетке 345 000 теңге қайтарған.