Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Абай» Келес аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 2021 жылы қызметкерлерге сыйлық ақы (премия) ретінде төленген қаржылардың заңдылығына аудиторлық іс-шарасы жүргізілген болатын.
Кәсіпорын тарапынан 2021 жылы қызметкерлерге сыйлық ақы тағайындау кезінде алынбаған тәртіптік жазалары бар және сынақ мерзіміндегі қызметкерлерге сыйлық ақы тағайындалғандығы, тағайындалған сыйлық ақы көлемінен қызметкерлерге жалпы 33 923,8 мың теңге төленгендігі анықталды.
Сондай-ақ, еңбек шарты бұзылған (жұмыстан босатылған) екі қызметкерге сыйлық ақы 554,7 мың теңге сыйлық ақы төленгендігі анықталды.
Аталған бұзушылықтарға жол бергені үшін Кәсіпорынның үш қызметкеріне «Қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілік қаралды.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысымен «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының талаптарына сәйкес, аудит объектісіне бюджетке 34 478,6 мың теңге сомасын өтеу туралы Нұсқама жолданды.